Балабақшадағы маңызды маман

image.png

Балабақша – тәрбие мен білімнің іргетасы қаланатын алтын ұя. Мұнда баланың алғашқы әлеуметтенуі, танымы мен тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Ал әдіскер – балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің үйлестірушісі, тәрбиешілердің сенімді қолдаушысы, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын көшбасшы тұлға. Осындай жанның бірі – Айнұр Илиясханқызы. Шымкенттік тұрғынның  білім саласында қызмет етіп келе жатқанына 23 жыл болған. 

«Кез-келген жұмыстың алғашқы жылдарында қиындықтар болады. Жаңа ортаға бейімделу, әріптестермен қарым-қатынас орнату, тәжірибе жинақтау — бәрі де алғашқы кезеңде қиындық туғызады. Бұл уақытта әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін тынымсыз еңбек пен сабыр керек. Өз ісіңнің қыр-сырын түсіну, әр кезеңдегі талаптарды қабылдай білу және әр қиындықтан сабақ ала отырып, кәсіби өсу — бұл еңбек жолының бір бөлігі. Сонымен қатар, алғашқы қиындықтар адамды шынықтырады, шыдамдылық пен жауапкершілікті арттырады. Бұл кезеңнен өткен соң ғана нағыз кәсіби біліктілікке жетуге болады.Құжаттармен жұмыс істеу, бағдарламаларды меңгеру, тәрбиешілермен бірлескен әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру — бәрі үлкен жауапкершілік талап етеді. Бірақ мұның бәрін мен даму жолындағы тәжірибе деп қабылдадым»,- деген кейіпкеріміз балабақша әдіскері болғанға дейін біраз  жыл тәрбиеші болып жұмыс істегенін айтады.

«Алғаш рет жұмысқа орналасқанымда кіші топқа тәрбиеші болдым. Жұмысымның алғашқы күні. Сол күні балалар қатты жылаған болатын. Содан басшымызға кіріп «мен тәрбиеші болмай-ақ қояйыншы, одан да осы балабақшаны тазалап, еденін жуып жүре берейінші» деп жылған болатынмын. Сол күндер есіме түссе қазір  күлкім келеді. Әрине мұның бәрі қызықты естеліктер. Кез-келген маман осылай шыңдалады",- дейді ол.  

Айнұр Илиясханқызының білім саласындағы ширек ғасырға жуық еңбегі бағаланып, ұстаздар күнінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Алғыс хатымен марапатталды.  

«Әр баланың мінезі әртүрлі, олардың жүрегіне жол табу, білім беру ғана емес, тәрбиелеу де маңызды. Сондықтан бұл қызметте мейірімділік, сабырлылық және әр балаға жеке көзқарас қажет. Мұндай жауапкершілік әрбір ұстазға үлкен сенім жүктейді. Бұл қызметте мейірімділік, сабырлылық және әр баланы жеке тұлға ретінде құрметтеу басты қағида болып табылады. Баламен жұмыс істеу — тек білім беру процесі ғана емес, ол оның дамуына, тұлғалық қалыптасуына зор әсер ететін процесс. Өз ісіңді сүйе білу және әр балаға қамқорлық таныту — бұл мен үшін нағыз кәсіби қанағаттанушылықтың көзі. Әдіскер – балабақшаның тірегі, тәрбиешілердің сенімді қолдаушысы әрі бағыттаушысы. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын және жақсы көремін»,- дейді әдіскер. 

    Өз ұлты үшін, өз болашағы үшін еңбек етіп келе жатқан маман  Айнұр Илиясханқызы озық педагогикалық тәжірибені меңгерген, сауаты жоғары маман және осы тәрбие ісінде еңбектің биігінен көрінеді деген сенімдеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер