Алғыс арқалаған ұстаз

image.png

Ұстаз – ұлағатты ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытатын қадірлі жандар. Бала жанына нұр сеуіп, санасына сәуле шашатын ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор. Баланың тілін тауып, білімге баулып жүрген ұстаздың бірі -  Батырхан Айдана. 

Шымкент қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстазы. 1981 жылдың 10-шы шілдесінде дүниеге келген кейіпкеріміз мектеп қабырғасында оқып жүргенінде –ақ болашақ мамандығын таңдап қойған. Бала күнінен тарихқа қызыққан ол мектепті бітірген соң педагогика саласын таңдап, жоғары оқу орнын бітіріп шығады. Тарих пәнінен  сабақ беретін мұғалімнің  еңбек өтілі 26 жыл. «Ұстаздық менің өмірім. Балалар менің күш-қуатым. Мұғалімнің жұмысы оңай емес. Десе де өз ісіңді жақсы көргеннен кейцін оның қиындығын да байқамайсың. Балалармен жұмыс істеу өте қиын әрі  өте қызықты»,- дейді ұстаз.

 Айдана Пірімханқызы – өз шәкірттерін тарихты меңгеруге ынталандырып, оларды жоғары нәтижелерге жетелейтін ұстаз. «Мен өз маманығымды жақсы көремін. Ққушыларға сапалы білім бере отырып, Қазақстанымыздың париот азаматтарын тәрбиелеуге тарынша ат салысып жүрмін. Тарихты оқыту, тарихты білу – бұл патриотизмнің бір бөлшегі деп санаймын. Сондықтан сабақ барысында балаларға тек  тек жылнама, цифрларды ғана жаттаппай қазақ тарихының соншалықты терең әрі бай екенін ұғындырғым келеді»,- дейді ол.   

Айдана Батырхан сонымен қатар пәнді терең меңгерген және кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын педагог. Ол  өткен жылы 25-27 желтоқсан күндері Астана қаласында, Республикалық «Дарын»  РҒПО-ның ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдері арасында «Тарих пәнінен оқушыларды ғылыми жобалар мен олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» тақырыбында республикалық оқу- әдістемелік іс-шараға қатысып, белсенділігі үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. Еңбек ұжымында тынбай тер төгіп келе жатқан ол "Зияткер-Ұстаз" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарып жүр.  Бала тәрбиелеу, білім беру ісімен қоса кейіпкеріміз қоғамдық істерге де белсене араласып, мектеп өміріндегі игілікті жұмыстардың басы-қасынан табыла білетін нағыз еңбек адамы.

 Қазан айындағы ұстаздар мерекесі қарсаңында Айдана Пірімханқызы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің алғыс хатымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер