Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Кәсіби мерекеде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледж оқытушылары марапатталып, бір марқайып қалды. Бүгінде аталмыш оқу ордасында 140 –қа жуық маман жұмыс істесе, оның жартысына жуығы жоғары санатты ұстаздар.
Техникалық және кәсіптік бағытта білім беретін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі 15 мамандық бойынша маман даярлайды. Мұнда қазір 1500- ден астам студент білім алуда. Олардың жан –жақты дамуы жолында барын салып жүрген ұстаздар қауымының кәсіби мерекеде еңбектері еленіп марапатталды.
«Жұмысшы мамандықтар» жылына көптеген семинарлар ұйымдастырылды. Көптеген мекемелермен меморандумдарға отырдық. Біздің студенттер «Уорд скилс» сайыстарына үнемі қатысып тұрады бірнеше жүлдегерлеріміз бар. Он күндік аясында «Бір күн. Бір шебер» деген атаумен сол шәкірттеріміздің жарыстарға дайындап жүрген Мұқан Қозыбеков ағайымыздың еңбегін дәріптеуге арнадық. Біз барынша өз тарапынмыздан жұмысшы мамандарды, мамандықтарды қолдаудамыз»,- дейді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Гүлжан Сәдуақасова.
Аталмыш оқу ордасы «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында қысқа мерзімде оқу процесін енгізген. Нәтижесінде 50– ге жуық жас, тігінші және аспаз мамандығын меңгеруде екен. «Біз колледжде алған теортлық білімімзді практикада шыңдап жұрміз. Яғни өндірістік зауыттарда, ауыл шаруашылығы орындарында тәжірибе жинаймыз. Ал ұстаздарымыз өмір жолына үйретуші, еңбекқорлыққа баулып жүр. Мен барша ұстаздарға және еңбек адамдарына алғысымды білдіргім келеді»,- дейді студент Бақдәулет Ернарұлы.
Қалада іргелі оқу ордасының мақсаты студенттердің білім сапасын арттыру, еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы экономикасының дамуына өз үлесін қосатын адамгершілігі мол, инновациялық жаңа ойлайтын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған: кітапханалар, оқу залдары, электрондық оқу залдары. Ғылыми ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, спорттық үйірмелер жастардың сабақтан бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді. Стадион, спорт зал мен жатақхана оқу ғимаратына жақын орналасқан. Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қолданылады, жоғары білікті тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Міне, осылардың барлығы жастардың алаңсыз білім алуына ықпал етеді. Колледж түлектері өз мамандықтарына сәйкес университеттің 2-ші курсынан оқуын онан әрі жалғастырып, жоғары білім ала алады.