Педагогтар марапатқа бөленді

image.png

Мұғалім –мамандық, ұстаздық – қасиет. Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушылары марапатталды. Ширек ғасыр бойында талай жасқа білім мен тәрбие нәрін сепкен мәртебелі маман иелерінің еңбегі еленіп, алғысқа бөленді.

Күлсін Сартайқызы саналы ғұмырының 47 жылын ұстаздыққа арнапты. Университет қабырғасында «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының ашылған күнінен бастап, алғашқылардың бірі болып оның дамуына күш салып, талай шәкірттің қанаттануына сеп болған.

«Ата-ананың тәрбиесі өз алдына, ұстаз тәрбиесі өз алдына. Ұстаз өмір бойы ұстаз болып өтеді. Балалардың жақсы болғанын көріп қуанамыз. Еңбегіміз қаншама жылдан кейін көрініп жатады. Студенттердің жеткен жетістіктерін көріп біз қуанамыз»,- дейді  «Радиотехника электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушысы Күлсін Серікбаева. 

Мұғалімдер әр адамның өмірінде басты рөл атқарады. Олар біздің дүниетанымымызды қалыптастыруға, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және жаңа жетістіктерге шабыттандырады. Ұстаздар  күні – олардың кәсіпке адалдығы мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері үшін ризашылық білдіру мүмкіндігі.

 «Біздің университетіміз Республика деңгейінде өзінің экономикасын дамытуға, білім-ғылымды дамытуға өзінің зор үлесін қосып келеді. Бұл әрине біздің керемет профессорлық оқытушылық құрамның арқасында деп білемін»,- дейді Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры  Рабиға Қуатбекова. 

Бұдан бөлек, ұстаздар мен келген конақтарға концерттік бағдарлама ұсынылып, көңілді ойындар, логикалық тапсырмалар және викториналық сұрақтармен қоса сахналық көріністер, әзілдер мен тосынсыйлар әзірленді.

Айта кетейік, бүгінде білім ордасында 439 профессорлық оқытушы құрамы бар. Оның 33-і ғылым, ал 23-і PHD доктор, 165 ғылым кандидаты мен 218 –аға оқытушы, магистр. Университетте Ғылыми зерттеулер мен инновацияны дамыту бағыты да жолға қойылған. Компьютерлік сыныптар мен оқу аудиторияларында 367 компьютерлік кешен, 42 интерактивті тақта, проекциялық экрандар мен заманауи лингофонды кабинеттермен жабдықталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер