Ұстаздардың еңбегін бағалады

image.png

Ауыл партиясы Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиал Төрағасы Ғани Қарабековтың бастамасымен ұстаздарға деген ерекше құрметпен мерекелік басқосу өткізді. Бұл мерекелік жиында еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ардақты ұстаздарымыздың қоғамдағы мәртебесі айқындалып, олардың еңбегіне алғыс білдірілді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, білім саласының үздігі Алина Соловьева  арнайы қатысып, ұстаздарға жүрекжарды құттықтауын жеткізді.  Ол барша мұғалімдерді жауапты қызметте қажырлы болуға шақырды.

Саяси кеңес мүшесі Жанысбек Тұрсынәліұлы да қатысып, ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, жаңа партиялық билеттерді табыстады.

Мерекелік іс-шара аясында партия төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлының атынан 25 жылдық мерейтойлық медаль салтанатты түрде тапсырылды.

Нағима Шерім - Әл-Фараби мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Партияға мүше болғанына 15 жылдан асқан. Салтанатты шарада білікті маман «Ауыл» партиясының 25 жылдық медалімен марапатталды. "Бүгінгі көңіл-күйіміз өте керемет. Әріптестерімізді жақсы көңілмен қарсы алып жатырмыз.Ұстаздардың еңбегін бағалап, елеп-ескеріп жатқан жандарға айтар алғысымыз шексіз. Қай маман, қандай жұмысшы, қызметкер болмасын барлығымыз ел мүддесі үшін, жарқын болашақ үшін еңбек етіп келеміз. Еліміз аман болсын, өсіп-өркендей берсін»,- деді жиын барысында  Әл-Фараби мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нағима Шерім

  Партияның өңірлік филиал аппаратының басшысы Ғани Қарабеков салтанатты шараға арнайы келіп, бастауыш ұйым өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол үзеңгілестеріне ақ тілегін айтып, ұстаздарды  әрдайым қолдайтынын тағы да дәлелдеді.  «Біздің төрағамыздың тапсырмасымен әр облыста құттықтау шаралары өтіп жатыр. Шымкентте партия құрамында 250-ге жуық мұғалім бар. Солардың барлығын құттықтап жатырмыз. Ең ірі бастауыш ұйымдардың қатарында Манап Өтебаев колледжі мен осы Әл-Фараби мектебі бар.Ұстаздардың еңбегі қашанда биік және лайықты бағалануы  қажет.Себебі олар еліміздің болашағы балаларымызға тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, болашақта бір-бір маманның иесі атануына жол ашып отыр»,- деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының аппарат басшысы  Ғани Қарабеков.  

«Ауыл» партиясы тарапынан ұстаздарға мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтар үлестіріліп, олардың еңбегі лайықты түрде дәріптелді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер