Шаһар базарлары жаңаруда

image.png

Өткен жылы елімізде 16 базар жаңғыртудан өткен.  Оның үшеуі Шымкентте орналасқан. Жалпы  2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес елімізде 115 базарды жаңғырту жоспарланған.  Оның ішінде үшінші мегаполистің  7 базары бар: «Авто-Нұр», «Алаш», «Орталық Қырғы базар», «Самал», «Жабық базар», «Назым апа», «Жаңа шахар» базарлары. Оның ішінде Алаш», «Самал», «Жаңа шахар» базарын жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталған. Қалған 4 базарды: «Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базар, «Назым апа», «Жабық базары» жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен 2025 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда қала аумағында 19 сауда базары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы әмбебап, 9-ы мамандандырылған. Қазіргі таңда  «Авто-Нұр» базарында ескі ғимараттарды демонтаждау және жаңа павильонның құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалған. Дәл осындай қарқын «Орталық Қырғы базарында» да байқалады – ішкі әрлеу мен шатыр жабу жұмыстары аяқталып, заңсыз сауда нүктелерінің орнына жаңа павильондар салынуда.

Ал «Назым апа» базарында сауда қатарларын бұзу жұмыстары жүргізілсе, «Жабық базардың» эскиз жобасы мақұлданып, құрылыс қарқын алған.

Қаладағы тағы бір маңызды нысан – «Көктем» базары бойынша да шешім қабылданған. Сот шешіміне сәйкес, базар орналасқан 0,2410 га жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылды. Саудагерлер толықтай «Көктем 88» деп аталатын жаңа, үш қабатты сауда орталығына көшірілді. Бұл – кәсіпкерлер үшін де, қала үшін де тиімді шешім: сауда мәдениеті жақсарып, кәсіп жүргізудің жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Сауда орындарымен қатар, мегаполистің сәулеттік келбетін арттыру жұмыстары да қарқын алған. Қалада рұқсатсыз орнатылған немесе талапқа сай емес жарнамалық баннерлер алынып, олардың орнына бірыңғай стандартқа сай, көрнекі ақпарат орналастырылуда.

Қаланың  сауда және сыртқы келбетін жаңарту бағытындағы кешенді жұмыстар – бұл жай ғана инфрақұрылымдық өзгеріс емес, бұл — қаланың заманауи, ыңғайлы әрі тартымды орталыққа айналу жолындағы маңызды қадам. Сауда орындарының жаңаруы мен жарнаманы ретке келтіру – мегаполистің дамыған, көркем және заңға бағынатын қала ретінде өркендеуінің айқын көрінісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер