Жергілікті білім беру гранттары – маман тапшылығын азайтпақ

image.png 

Шымкентте бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша 285 грант бөлінген болатын. Конкурсқа барлығы 10 жоғары оқу орны өтінім беріп, өткізілген конкурс нәтижесінде және комиссияның 12 тамыздағы шешімі негізінде бөлінген орындар 6 ЖОО-на орналастырылды. Оның ішінде 3 университет Шымкент қаласында, 3 университет Алматы қаласында  орналасқан:  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 226 орын; Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университет – 20 орын;  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы – 1 орын; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 23 орын; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне – 10 орын;  Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетіне – 5 орын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары  -  Сәрсен Құранбек мәлімдеді. 

Комиссия шешімімен 14–20 тамыз аралығы талапкерлердің таңдаған жоғары оқу орындарына әкімдік грантына құжат тапсыру мерзімі ретінде белгіленді. Өтініш қабылдау туралы хабарландыру қалалық білім басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды. Ұлттық тестілеу орталығының жауапты қызметкерлері талапкерлерге қажетті кеңестер берді.

      21 тамыздан бастап жоғары оқу орындары талапкерлердің құжаттарын білім басқармасына жолдайды. Комиссия конкурстық негізде әрбір ЖОО мен мамандық бойынша грант иегерлерін анықтайды. Қорытынды тізім білім басқармасының ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Грант иегерлеріне білім басқармасы тарапынан арнайы сертификат табысталады. Осы сертификат негізінде ЖОО ректоры бұйрық шығарып, талапкер тиісті оқу орнына қабылданады. Балдары тең болған жағдайда басым құқық «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық олимпиада және жарыс жеңімпаздарына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға беріледі.

Жергілікті білім беру гранттары – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандықтар бойынша кадр тапшылығын азайту, жастарды өңірде оқыту және тұрақты жұмыс күші ретінде қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қолдау тетігі. Бұл бастама арқылы қала жастары өз өңірінде білім алып, болашақта туған қаласының өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер