Жұмыстың жаманы жоқ деп мемлекет басшысы Қасым-жомарт кемелұлы айтқандай бүгінде сан түрлі салада мииллиондаған адамдар еңбек етіп жүр. Олардың кейбірінің қызметі қауіп пен қатерге, тәуекелге толы. Мұндай қауіпті қызметті бүгінде ер адамдар мен қатар нәзік жандылар да атқарып келеді. Солардың бірі жыртқыш аңдардың тілін тапқан Зейнеш Әшірбаева. Ол Шымкент қаласы мемлекеттік зоосаябағының зоология маманы жойылып бара жатқан жыртқыш аңдардың популациясын сақтауға үлес қосып жүрген жанның бірі. Бүгінде жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі осындағы 60 бас жануарға күтім жасайды.
«Біздің зоосаябақ 1980 жылы қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен ашылған. Сол жылдары 35 түрлі жан-жануардың 200-дей басы болса қазіргі таңда 301 түрлі жануардың 3559 басы тіршілік етеді. Мекеменің басты мақсаты сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу және ғылыми әдестемелік жұмыстарды жүргізу. Зообақта 6 бөлім бар. Біздің бөлімде жыртқшытарға күтім жасайтын 7 жұмысшымыз қарайды. Күн сайын жануарлардың жағдайын қадағап, азығын береміз. Мал дәрігеріміз бар. Зообақтың ерекше «тұрғыны» жолбасрыстарымыз бар. біреуі аталы, екеуі аналы. Екі аналық Алматы зообағынан әкелінсе, аталығы Кишиневтің Молдова қаласынан әкелінген. Ірі жыртқыштарға күніне екі рет ет береміз. Таңретең және кешке. Қосымша дәрумендер береміз. Сондай-ақ аптасына бір рет тірі қояндар беріп отырамыз»,- дейді кейіпкеріміз.
Бөлім меңгерушісі аса жауапты әрі қауіпті қызметті атқарып жүргеніне 12 жылдай уақыт болыпты. Осы аралықта ол жыртқыштарға бауыр басып қалғанын айтады. «М.Әуезов атындағы ОҚУ-ді бітіргенмін. Дипломды қолға алғасын түрмыс құрып, ауылда мектепте жұмыс істедім. 2010 жылы қалаға көшіп келіп, осы зообаққа жұмысқа орналастым. Алғашқыда уақытша жұмыс істеймін деп ойлағанмын. Бірақ жыртқыштар мені қатты қызықтырды, жұмысым өзіме ұнай бастады. Оларға кәдімгідей бауыр басып қалдым. Әрқайсысының аттары бар. Біздерге үйреніп қалған.. Иісімізден таниды. Оларды еркелетіп қоямын»,- дейді ол.
Жыртқыштардың тілін тапқан маман зообақ келушілеріне қауіпсіздік ережесін түсіндумен де айналысады. «Кейбір адамдар ұйықтап жатқан жолбарыс, арыстандарды оятқысы келіп түрлі әрекеттер жасайды. Мұндай жағдайда мекеменің ережесін түсіндіреміз»,- дейді өз еңбегінен ләззат алатын кейіпкеріміз.