Ширек ғасырын теміржол саласына арнады

image.png

Теміржол саласының мамандары – еліміздің экономикасына өлшеусіз үлкес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары. Олар – жолаушылар мен маңызды жүктерді бір қаладан екінші қалаға жеткізушілер, елдің аманатын арқалап жүрген жандар. Теміржол саласында қызмет етіп жүрген қай мамандық иесі болсын үлкен қажырлы еңбектің иесі. Қаншалықты ауыр, жауапкершілігі жоғары болса да елімізде осы салаға бар ғұмырын арнап келе жатқан жандар бар. Соның бірі- теміржол саласына 25 жылын арнаған шымкенттік тұрғын Нұрлан Оңланбеков. Болат жолды кәсіп етіп, бала-шағасына нәсіп қылған теміржолшының өнегелі ісін қызметтестері мен жанұясы үлгі тұтады. 

Оның жұмысы шойын жолда қақаған қыста да, шіліңгір жазда да бір сәтке тоқтаған емес. Себебі пойыздың қауіпсіздігі, ондағы жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігі осы мамандарға тікелей байланысты. Шойынжолдың ақауларын жөндеу, олардың сапасын тексеру мен пайдалануға дайындығын тексеру Нұрлан мырзаның міндеті. 

«Біздің міндетіміз рельстерді тексеру. Оны тексеретін арнайы аппараттарымыз бар. Егер қандай да бір ақау байқалса дереу ауырстырамыз. Ауа-райы қандай болса да. Рельстер қыстық және жаздық деп екіге бөлінеді. Оларды мезгілімен ауыстырмасақ апат болуы мүмкін. Себебі рельстер маусымына қарай бұзыла бастайды. Күн ысыған созылады, күзде тартылады дегендей. Мұның соңы болттың үзілуіне алып келеді. Сондықтан рельстерді уақытымен ауыстырып отырамыз»,- дейді кейіпкеріміз.  

 Нұрлан Оңланбековтің негізгі мамандығы – электрик. Ол осындағы теміржолдардың сапасына жауапты. Рельстің жарамдылығын тексеріп, оны ретке келтіру үшін күніне ондаған шақырым жаяу жүруіне тура келеді екен. 25 жылдан аса уақытын осы салаға арнапты. 

 «Елдің, жердің дамуына үлес қосып жүру мен  үшін үлкен абырой. Мен өз жұмысымды жақсы көремін»,-  дейді теміржолшы. 

Саналы ғұмырын теміржолға арнаған еңбек адамы мамандық таңдауымда қателеспедім, қайта елдің өркендеуіне аз да болса септігім тисе менен бақытты жан жоқ,- дейді. Қазір сол өзі білетін еңбектің қыр-сырын ізінен келе жатқан жас теміржолшы мамандарға үйретіп  жүр.

Теміржол саласының қызметкерлері еліміздің  дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келеді. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктері мен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестерін біз әрдайым жоғары бағалаймыз.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жанашыр маман Нұрболат
  • Темір жолындағы тынымсыз тірліктің қаһарманы
  • Помощник капитана танкера "Тараз" — профессия, проверенная морем
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасына шымкенттіктер белсенді қатысуда
  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер