Жанашыр маман Нұрболат

image.png

Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол - дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер т.б. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбек адамын, адал кәсіп, адал нәсіп тауып жүрген жандарды кеңінен насихаттау туралы тапсырмасы аясында бүгінде ел ішінде қарапайым қаһармандар, елдің дамуына үлестерін қосып жүрген жұмысшы мамандар  елге танылуда.  

Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандарға құрмет ерекше. Жалпы еңбек адамы деп адал кәсіппен адал нәсіп тауып жүрген жанды айтсақ қателеспейміз. 

Сондай жанның бірі  «Шымкент қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігінде инватакси қызметінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Нұрболат Жаңбыров. 

– Бұрын білмейтін едік, қалада мүгедек көп екенін осы жұмысқа кірген соң көрдім. Әрқайсының мінезі әртүрлі, кейде сіркесі су көтермей қалады. Ептеп түсіндіруге тырысамын, бірақ көбіне үндемей құтыламын. Үндемесең тез басылады. Науқас балалардың ата-анасына да оңай емес, – дейді ол.

Нұрболат Жаңбыров 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Мардан Сапарбаев атындағы университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын игеріп шықты. Мүкін осы әдебиетке жақындығынан болар, жаны таза, жүрегі мейірімді. Мейірімділік оның ерекше жандармен жұмыс істеп келе жатқан жылдардағы серігі. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Нұрболат алғашқы еңбек жолын 2011 жылы «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Шымкент қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігіне инватакси қызметіне көмекші болып орналасқан. 2016 жылға дейін ерекше жандарды көлікке отырғызып-түсіру, көпқабатты пәтерлерге дейін көтеріп шығару секілді қызметтерді атқарған. 2016 жылы кейіпкеріміз «ВС» санаттағы жүргізуші куәлігін алғаннан кейін ерекше жандарға арналған көлікті тізгіндеді. Қазіргі уақытта инватакси жүргізушісі қызметін атқарып жүр. 

– Инватаксиде ерекше жандарды жұмысқа, студент болса – оқуға тасымалдаудың өзіндік қиындығы мен қызығы бар. Біріншіден түрлі диагнозы бар жандар болғасын барынша сабырлы болуды қажет етеді. Дегенмен ол қиындық әр ерекше жаннан алғыс алғанда ұмытылады. Ең бастысы жұмысым өзіме ұнайды. Әр қызмет алушы менің бауырымдай болып кеткен, – дейді Нұрболат Мұратұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жанашыр маман Нұрболат
  • Темір жолындағы тынымсыз тірліктің қаһарманы
  • Помощник капитана танкера "Тараз" — профессия, проверенная морем
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасына шымкенттіктер белсенді қатысуда
  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер