Автобус тізгіндеу – жауапты іс

image.png

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбегі біздің қоғамымыздың маңызды әрі күрделі аспектілерінің бірі. Олардың жұмысы тек жолаушыларды қажетті жерге жеткізумен ғана шектелмейді, сонымен қатар күнделікті өмірдің динамикасында көптеген әлеуметтік, қауіпсіздік және психологиялық міндеттерді қамтиды. Қоғамдық көлік жүргізушілері күнделікті жүздеген жолаушыны тасымалдап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты. Бұл жұмыс нақты ережелер мен талаптарды сақтауды талап етеді, соның ішінде жол қозғалысының ережелері, жолаушылардың қауіпсіздігі және көлік құралдарын уақтылы техникалық қызмет көрсету. Жүргізушілерге қойылатын басты талаптар — жолдағы жауапкершілік пен сергектік, сары алтындай сабырлық.  Бұл қызметтің күрделілігіне қарамастан Шымкент қаласында автобустың тізгінін ұстап, жолаушыларға мінсіз қызмет етіп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – Данияр Шарипов. 

№70 бағытта көлік тізгіндеген Данияр Шарипов 10 жылдан бері осы салада еңбек етіп жүр. Тұрар Рысқұлов тас жолы мен Қайнарбұлақ шағынауданы аралығында күніне ондаған рейске шығады.

 «Таңертең жұмысқа ерте кірісеміз. Халықпен жұмыс істеу оңай емес, бірақ сабырмен, жауапкершілікпен қарап келеміз. Халыққа осылайша қолдан келгенше сапалы қызмет етіп келеміз»,- дейді автобус жүргізушісі.  

Заңгер мамандығын меңгерсе де, техникаға деген құштарлығы оны көлік жүргізуге алып келген. Жол ережесін жақсы білетіні де осы заңгерлік білімінің жемісі. Ал рөлдегі жауапкершілік пен тәртіпті Данияр тек тәжірибемен емес, біліммен де ұштастырып келеді.

«Жастайымнан жүрегім техникаға тартты. Соның әсері шығар қазір өз жұмысымды беріліп істеймін. Жастарға да айтар ақылым сол жүрек қалаған мамандықтарыңызды таңдап, бүйрегіңіз бұрған іспен айналысыңыздар.   Сонда ғана еңбектен ләззат аласыздар»,- дейді  кейіпкеріміз. 

Қоғамдық көлік – қаланың жүрегі. Ал оны тоқтаусыз соғып тұратын қарапайым, бірақ қадірлі еңбек иелері.

Шымкентте 1000-ға жуық автобус бар. Оның 876-сы күн сайын қала тұрғындарын тасымалдауға шығады. 77 тұрақты бағыт, 6 хаб бекет, 39 магистральды маршрут бәрі жолаушыларға қолайлы болу үшін жасалған. Жалпы қалада   82 маршрут жұмыс істейді. Оның 79-ы – әлеуметтік маңызы бар бағыттар. Автобустардың 95 пайызы соңғы 5 жылда жаңарыпты.  Қызмет сапасын арттыру үшін бақылау топтары құрылған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жанашыр маман Нұрболат
  • Темір жолындағы тынымсыз тірліктің қаһарманы
  • Помощник капитана танкера "Тараз" — профессия, проверенная морем
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасына шымкенттіктер белсенді қатысуда
  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер