Шымкентте медицина ұйымдарында полиция бекеттері ашылды

image.png

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаментінің ұйымдастыруымен алты медициналық мекемеде полиция бекеттері жұмыс істей бастады. Өңірлік коммуникациялар орталығы мамандары хабарлағандай олардың қатарында №1 клиникалық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханалар, Перинаталдық орталық, Қалалық перзентхана және Балалар ауруханасы бар. 

Полиция бекеттерін ұйымдастыру оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға, сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғаларының көбеюіне байланысты қабылданды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату жөнінде тапсырма бергенін естеріңізге саламыз.

Полиция бекеттерін құру оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленісті жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ,  медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл — Мемлекет басшысының медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылып отырған нақты қадам, — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы», «Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» және «Хадиша» емханасында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырып, медициналық мекемелердегі тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментіне бақылауға алу туралы хат жолдады.

Айта кетейік, соңғы уақытта елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты агрессия жиілеп кеткені белгілі. Ақ халатты абзал жандарға жасалған шабуылдар – мемлекет тарапынан қатаң шараларды талап ететін маңызды жағдай. Қазір елімізде медицина қызметкерлеріне күш көрсетуге байланысты қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, заңнаманы қатаңдату жеткіліксіз – ең бастысы, денсаулық сақтау жүйесіне деген халық сенімін қайтару. Сарапшылардың пайымдауынша, медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін заңмен бекіту қажет. Бұл мұғалімдер мәртебесі секілді заң жүзінде қорғалуы тиіс.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Мерейлі отбасы – 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды
  • Электротехника көшбасшысы: кәсібилік пен тұрақтылық үлгісі
  • Шымкентте медицина ұйымдарында полиция бекеттері ашылды
  • «BilimQadam‑2025» – жас педагогтер жәрмеңкесі өтті
  • Темір қанатты тіршілік: ұшқыш кәсібінің қадірі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер