Электротехника көшбасшысы: кәсібилік пен тұрақтылық үлгісі

image.png

Зауыттар мен фабрикаларға 7 мыңнан астам жұмысшы жетіспейді. Бұл мәселе елдің барлық өңіріне тән. Осы орайда Президент Қ.Тоқаев ағымдағы  2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Бұл – қарапайым еңбек адамдарына, жалпы салаға деген үлкен қолдау болып табылады. 

Мемлекеттің гүлденуі, қоғамның дамуы әр адамның өз ісіне деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігіне және ақ-адал еңбегіне байланысты. Шындығы сол – адамды адам еткен – еңбек! 

Кейіпкеріміз - Абдуллаев Нуржан  1975 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Орта білімін Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде аяқтаған. Жоғары білім алған. Еңбек жолын Кентау трансформатор зауытында бастаған. Өзінің еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында бірқатар ірі импортты алмастырушы кәсіпорындардың – Орал трансформатор зауыты мен Петропавл электротехникалық зауытының іске қосылуына белсене атсалысты. Кейін аталған кәсіпорындарда өндіріс жөніндегі директор қызметін атқарған.

Өзінің тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеттері арқылы отандық электротехникалық өнеркәсіптің дамуына және өндірістік инфрақұрылымның кеңеюіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы электротехникалық саланың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан.

Қазіргі уақытта «AsiaTrafo» зауытындағы өндірістік цехты басқарады, онда жоғары кернеулі қуат трансформаторларына арналған металлқұрылымдарды дайындау процесін қадағалайды. Өнеркәсіп саласында еңбек етуді жалғастырып, «AsiaTrafo» кәсіпорнында өндірістік үдерістерді дамыту, жұмысшылар арасында техникалық құзыреттерді жетілдіру және тәлімгерлікпен айналысады. Абдуллаев Нуржанның басшылығымен зауыттар үшін 30-дан астам маман даярланды. Орал, Петропавл және Шымкент қалаларындағы үш трансформатор зауытының өндірісін іске қосу кезінде жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті. Мемлекеттік наградалары:

– «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі

– «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі

20 жылдан астам уақыт бойы «Alageum Electric» компаниясында қызмет атқарып келеді.

Өндіріспен бірге ел өркендейді. Сондықтан, жұмысшы мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Ел экономикасына үлес қосушы қай саланы алып қараңыз да солай. Түбінде еңбек қана барлығын жеңеді. Ал сол еңбекті жасаушы қарапайым жұмысшыларға әрбір көрсетілген қолдау жігер береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Мерейлі отбасы – 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды
  • Электротехника көшбасшысы: кәсібилік пен тұрақтылық үлгісі
  • Шымкентте медицина ұйымдарында полиция бекеттері ашылды
  • «BilimQadam‑2025» – жас педагогтер жәрмеңкесі өтті
  • Темір қанатты тіршілік: ұшқыш кәсібінің қадірі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер