Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады?

image.png

Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады? Сұраққа жауап іздеген жастар көп. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары еркін форматта кеңес беру акциясын өткізді. Олар жан-жақты жол нұсқап, оқуға ынтасы бар жандарға бағыт-бағдар берді.

Ашық диалогқа 14-35 жас аралығындағы жастар тартылды. Оларға мемлекеттік білім гранттары, кәсіби бағдар, оқу бағдарламалары мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы нақты мәліметтер берілді. 

 «Мемлекет басшысы 2025 жылды  Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Сондықтан, техникалық мамандықтарға көбірек басымдық беріледі. Сол бойынша көбірек ақпараттық жұмыстар жүргіземіз. Қазір қалада өндіріс ошақтары, кәсіпкерлік нысандар мен зауыт-фабрикалар көптеп ашылып жатыр. Оларға қажетті мамандардың басым бөлігі осы кәсіптік, техникалық мамандар. Бұл салада мамандардың жетіспеушілігі себепті біз қаланың жастарын, жұмыссыз азаматтарын осы бағыттар бойыншща тегін оқытамыз, даярлаймыз. Сөйтіп еңбек нарығын қажетті мамандармен толықтыруды көздеп отырмыз»,- дейді  Жастар ресурстық орталығының инспекторы Мағжан Тілепхан. 

 Сонымен қатар, спикерлер жастарға жоғары және орта арнаулы білім беру саласындағы тегін оқу мүмкіндіктерін түсіндіріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Шымкент қаласында бүгінде 50-ге тарта  колледждер жұмыс істейді. Олар бүгінгі еңбек нарығына қажетті  жұмысшы мамандарды даярлап келеді. 

 Қаладағы жұмыссыздық деңгейі қазіргі таңда 3 пайызды құрайды. Жыл басынан бері «Жастар практикасы» аясында шамамен 2000 жас тәжірибе жинаса, алғашқы бос жұмыс орындары арқылы 35 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адам екі қолға бір күрек тапқан. 

 Кәсіптік оқуға ниетті азаматтар болса, Шымкент қаласындағы 5 бірдей аудан бойынша Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші,Тұран аудандары бойынша Мансап орталықтарында біркелкі жұмыс жүргізілді. Өзіне ұнаған мамандықтар бойынша өтінім бере алады. Тіптіүйде отырып та онлайн өтінім бере алады»,- дейді  Әл-Фараби ауданы Мансап орталығының басшысы Нұрбол Шымкентбаев. 

 Акция аясында қала жастары өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мұндай кеңес беру кездесулері алдағы уақытта да жалғаса береді дейді салаға жауапты мамандар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Наубайхана несібесі
  • Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады?
  • Көлік жөндеп, көпке танылған
  • Құрылысшылар күніне орай колледжде шығармашылық көрме өтті
  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер