Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді

image.png

2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Айтулы датада еліміздің еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтіп,  кеңінен тойланды.  Мұндай шарадан Шымкент те тыс қалған жоқ. 

Қалада  ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Өңірлік комуникациялар қызметі мамандары хабарлағандай шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.

Іс-шара Көрме орталығындағы «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» көрмесін тамашалаумен жалғасты. Мұнда ұлы ақынның өмірі мен мұрасына қатысты құнды экспонаттар қойылған.

Рухани-мәдени мереке республикалық «Абай әлемі» байқауымен қорытындыланып, қаладағы мәдениет мекемелерінде концерттер мен әдеби кештер өтті.

Айта кетейік, ұлы аққынның мерейтойыйна орай Қ.Тоқаев өз құттықтауын жеткізген болатын. «Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетамымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Хәкім Абайдың мол мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды», – делінген Президенттің құттықтау хатында. Құттықтауда Абай әлемдік ауқымдағы ғұлама екеніне,  оның рухани мұрасы келер ұрпақ үшін  өзекті болып қала беретініне баса мән берілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Еңбегімен сыйлы болған құрылысшы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер