Су шаруашылығының майталманы

image.png

Қазіргі қоғамда табысты болу туралы түсінік көбінесе кеңсе жұмысы, жоғары лауазым немесе ІТ саласындағы қызметпен ғана байланыстырылады. Алайда, осы түсінікпен шектелу – қоғам дамуын бір жақты көрумен тең. Шын мәнінде, ел дамуының діңгегі – адал еңбекке сүйенетін, қолымен іс тындыратын жұмысшы мамандардың қажырлы қызметіне байланысты.

Еңбек – адам өмірінің мәні, қоғам дамуының қозғаушы күші. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – өмірінің әрбір кезеңін адал еңбекке арнаған, түрлі салаларда жемісті қызмет еткен, үлкен тәжірибелі маман, нағыз еңбек адамы –  Сайдахмат Исақұлов.  1962 жылы 29 шілдеде дүниеге келген Сайдахмат Кұшанұлының өмір жолы – жастарға үлгі боларлық бай тарих.

Оның білімге деген құштарлығы ерте жастан көрінді. 1979 жылы Өзбекстан Республикасы, Жызақ облысы, Мырзашөл ауданындағы №3 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, сол жылы Ташкент инженерлер институтына оқуға түсіп, 1984 жылы Сырдария факультетін инженер мамандығы бойынша табысты аяқтады.

Сайдахмат   Исақұловтың еңбек жолы 1984 жылы Сырдария облысы, Ворошилов мекемесінде инженер болып басталып, ұзақ жылдарға созылған жемісті қызметтің іргетасын қалады. 1985-1991 жылдар аралығында аудандық Райсельхозтехника басқарушысы қызметін атқарды. Одан кейін, 1991-1992 жылдары Мырзашөл су комитетінде жұмыс істеп, су шаруашылығы саласын да дамытуға атсалысты.

Оның еңбек жолы тек Өзбекстанмен шектелмей, Қазақстанның да өркендеуіне үлес қосты. 2005-2010 жылдары Алматы қаласындағы «Ақ ырысты» вагон жөндеу зауытында инженер болып еңбек етсе , 2012-2014 жылдары «Ақ Ордасы» корпорациясында құрылыс шебері ретінде құрылыс саласындағы біліктілігін көрсетті.

Соңғы жылдары Сайдахмат ағамыз  Шымкент қаласының да коммуналдық саласында зор еңбек сіңірді. 2020 жылы Шымкент қаласы Су құбыры және кәріз басқармасында шебер, бас инженер болса, 2020-2021 жылдары осы басқарманың басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Шымкент Су ресурстары бөлімінің басшысы болып, қаланың су шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.

Еңбек жолында әрқашан отбасының қолдауына сүйенген Сайдахмат ағамыздың зайыбы Нүрия Дәулетбекқызымен бірге  екі қыз,  бір ұл тәрбиелеп отыр. Ол отбасының тірегі ғана емес, сонымен қатар еңбекқорлық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Еңбегімен сыйлы болған құрылысшы
  • Халыққа сапалы ауыз су жеткізудің хас маманы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер