Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті

image.png

Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай әлемі» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі  хабарлағандай байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтті. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы финалға жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.

Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.

Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері - Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.

«Абай әлемі» байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, қазақ халқының мәдениеті мен тарихының ең маңызды өкілдерінің бірі. Оның шығармалары терең философиялық мәнге ие болып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келеді. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері қазақ әдебиетінің алтын қорына енгенімен, оның шығармашылығы мен мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, дүниежүзілік мәдениет үшін  маңызды. Абайдың әлемдік деңгейдегі ұлы ақын,  ойшыл ретінде танылуы оның шығармаларының шет елдерде де кеңінен зерттелуіне себеп болды.Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашуда. Абайдың ғұмыры өткенді еске алу ғана емес, болашаққа бағдар жасап, елімізді одан әрі дамытудың негізін қалауға күш салуымызды талап ететін бірегей уақыт. Осылайша, еліміздің мәдениеті мен тарихына құрмет көрсетіп, ұлт руханиятын дамыту бағытындағы маңызды қадам. Абай шығармалары әлі талай ғасырларға жететін азық болары сөзсіз. Абайдың  шығармашылығы тек қазақ әдебиетінің ғана емес,  бүкіл адамзаттық мәдениет пен философияның асыл қазынасы. 

Сондықтан, Абайдың 180 жылдығы – тек мәдени емес, сонымен қатар саяси, білім беру және азаматтық тұрғыда да айтулы мереке.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Еңбегімен сыйлы болған құрылысшы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер