Ол – тұңғыш чемпион

image.png

Спорт – айтуға оңай сөз болғанымен мұның астарында қанша жылдық еңбек, төгілген тер, табандылық пен төзім жатыр. Сондықтан спорт  саласында маңдайы терлеп жүрген жандарды нағыз еңбек адамы деп айтуымызға болады. Таэквандо – нағыз төзімділік сыналатын спорт. Оның басқа спорттан  ерекшелігі жылдамдық пен  ептілік, асқан қырағылықта.  Мұны игеру екінің бірінің қолынан келе бермейді.Міне, осы қызық та қиын спортты меңгеріп, оның шыңына жеткен спортшының бірі – Жалғас Бекқасымов. Ия, бұл есім сіз бен бізге жақсы таныс. Себебі ол –2006 жылы Вьетнамда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет чемпион атанған. Қазіргі таңда Жалғас өзінің артынан өкшелеп келе жатқан жас таэкводошыларды жаттықтырып, Шымкенттің мәртебесін асқақтатуға үлес қосып жүр. 

ҚР Олимпиада резервін даярлау орталығының бапкері  6 жасынан бері таэкводомен айналысып келе жатыр. Ол өз өмірін спортсыз елестете алмайды. Жастайынан байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, биік шыңдарды бағындырған бапкердің жас шәкірттері де қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп жүрген жайы бар. 

«Жылдар бойы баптаған шәкіртің жеңіс тұғырынан көрінсе, жаттықтырушыдан асқан бақытты жан жоқ. Спорт – бірде жеңіс, енді бірде жеңілістен тұрады. Кейде спортшымыз жеңіліп қалса кәдімгідей уайымдап, көңілің түседі. Спортшыны шыңдайтын ол жарыс. Сондықтан оларды барынша додаларға қатыстыруға тырысамын. Жылдар бойы жиналған тәжірибе бір күні өзінің жемісін бермей қоймайды. Спорттағы жетістік 70-80 пайыз адамның өзіне, ішкі сеніміне байланысты»,- дейді кейіпкеріміз. 

32 жастағы Жалғас тек ұлдарды ғана емес қазақ қыздарын да осы  спортқа баулып жүр. Айтуынша жауынгерлік өнер нәзік жандыларға да жарасады. 

«Жаттықтырушы әрдайым ізденісте болуы керек.  Көбісі жаттықтырушының жұмысын жеңіл көреді. Шындығында өте ауыр жұмыс.  Әр баланы  тек физикалық тұрғыдан жаттықтырып қоймай психологиялық жағынан жаттықтыруың керек. Салмағын реттеп отырасың. Ата-ананың алдында әр балаға жауаптысың. Сондықтан бапкер ол тәрбие жүргізетін психолог деп айтсақ та болады»,- дейді Жалғас. 

Спортшы  жеткен белес пен өмірлік өнегесі расыменде өзгеге үлгі боларлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай азаматтарды насихаттау, елге үлгі ету әрбір қазақстандықтың адамдық борышы, өскелең ұрпаққа қалдырар ізгі жолы болуы тиіс деген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер