«Зергер адам – зерделі адам»

image.png

Тамырын тереңге жайған  көрнекті саланың бірі - зергерлік өнер. Осы саланың хас шебері болу киелі әрі қастерлі өнер болып есептелген. Ол үшін әуелі адам бойында тумысынан дарыған ерекше талант болуы қажет. Қазақта «Зергер адам – зерделі адам» деген жақсы мақал бар.

Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан зергерлік өнерін насихаттап, қайта жандандыруға үлес қосып жүрген зергердің бірі – Қуатбек Абдуллаев. Ол  заманауи үлгі мен көнені ұштастырған қолөнер шебері. Күмістен түйін түйген шебердің аты тек шымкенттіктерге ғана емес еліміздің түкпір-түкпіріне, тіпті шетелге де танымал. Осыдан 15 жылдай  бұрын білезік жасаудан бастаған кәсібі бүгінде өрге домалап, бүтін бір компанияны басқарып отыр. 

Қуатбек әшекей бұйымдарды жасап қана қоймайды, оның әр деталінің тарихын, мән-мағынасын елге насихаттап жүреді. Төл  өнеріміздің дамуына осылайша айрықша өз үлесін қосып келеді. Өз ісінің шебері бүгінде талай шәкірттерді де тәрбиелеумен айналысып келеді.    

«Шымкент қаласында бұл өнерге қызығып жатқан, үйренемін деуші жастар көп. Менің бір таңқалатыным жастар бұл өнерді тез меңгеріп алуда. Осыған қарап зергерлік қазақтың қанында бар өнер екеніне тағы да көз жеткізгендей боламын. Қазір шәкірттерім көп. Олардың ішінде өз шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырғандары да бар. Өнімдеріме сұраныс көп.  Қазақтар сыйлық бергенді қатты  ұнатады, бұл бойға сіңген қасиет секілді. Мен өз тәжірибемде осыны байқадым. Маған әкеме, анама, келініме, жолдасыма, қызыма алайын деген едім деп хабарласып жатады. Пандемия кезінде көптеген  кәсіпкерлік нысандардың жұмысы тұралап тұрған кезде біздің жұмыс тоқтаған жоқ. Қазақтың сыйлық беру қасиеті біздің тоқтатпады»,- дейді кейіпкеріміз.    

 Зергерлік өнерді мал табудың қамы емес, ұлттық өнер деп бағалайтын Қуатбек көбінесе күміспен жұмыс істейді.  Себебі, күмістің қасиетін халқымыз ертеден біліп, тұрмыс салтында да кеңінен қолданған.

 Ұлттық нақыштағы әсем әшекейлерге сұраныс еліміздің түкпір-түкпірінен түседі екен. Қуатбектің көздің жауын алатын бұйымдарына сұраныстың көп болуының бір себебі ол байырғы, ата-бабамыздан мұра болып қалған технологияны қолданады. 

Атадан мирас болып келе жатқан ұлттық өнерді меңгеру, оны дамыту тек талант қана емес үлкен еңбектің нәтижесі. Қуатбек Абдуллаев  секілді зергерлер барда ұлттық өнеріміз қарыштап дами бермек.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер