Тазалық бар жерде береке бар

image.png

Адам тәнін емдейтін аурухана – көптеген мамандық иелері шоғырланған мекен. Мұнда медицина қызметкерлерінен бөлек есепші, заңгер, электрик, аспаз, қарауыл, тазалықшы секілді еңбек адамдары да қызмет етеді. Сондықтан медицина саласын орта буынды, жұмысшы мамандарсыз елестету мүмкін емес.  Ал олардың арасында тазалықшылардың атқаратын рөлі үлкен. Себебі медицинада тазалық емдік шаралар секілді басты орында тұратын дүние. Басқа мекемелермен салыстырғанда перзентханада қызмет ететін тазалықшылар әмбебап келеді. Олар мекеменің тазалығына ғана жауап бермейді, сонымен қатар ерекше күтімді қажет ететін жаңа босанған әйелдерді күтіп-баптауға, ас-ауқатын беруге жәрдемдеседі. Кейде сәбилерге да қарайлап, жас аналарға қолғабыс етіп жатады. Осындай қызметіне адал жанның бірі - Жарқын Ілиясова. Шымкент  қалалық №2 перзентханада еден жуушы болып еңбек етеді.  Отыз жылын осы салада өткізген кейіпкеріміз қазір алпысты алқымдаса да, қажыдым, шаршадым деп еңсе түсірген емес. Өз міндетін мінсіз ооындап жүрген ол мейірбикелердің де, акушерлердің де, пацинеттердің де сенімді көмекшісі. 

«Жұмысым аса қиын емес. Өмірімнің жартысы осы жерде өтті ғой. Сондықтан үйреніп қалғанмын. Талай басшылармен қызметтес болдым. Ең бастысы өз жұмысыңды мінсіз, адал атқарып жүрсең, ортаңа сыйлы боласың. Үйде келінім бар. Сондықтан қазір үй шаруасына онша алаңдай бермеймін. Мен өз жұмысыма берілген адаммын. Жас аналарға да қолдан келгенше көмек беремін. Мекеменің тазалығы біздің мойынымызда. Сондықтан артылған жүкті абыроймен көтеру керек, орындау қажет. Себебі тазалық бар жерде береке бар. Тазалық бар жерде – еңбек өнімді болады »,- дейді  ол.  

Мамандықтың жаманы, жұмысы оңайы жоқ. Жарқын Ілиясова кейде түн ұйқысын қиып түнгі ауысымда жұмыс істейді. Мекеменің іші ғана емес ауланың тазалығына да жауап береді. Перзентханаға сін беріп тұрған жайқалған қызыл-жасыл гүлдерге де күтім жасайтын осы мамандар. Ерен еңбектің иелеріне басшылық та құрметпен қарайды. 

«Адам баласы кез келген ортаға өнерімен емес, мінезімен сияды» деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай,  Жарқын апайымыздың ашық-жарқын көңілі, жанашырлығы оны айналасына сыйлы етіп отыр. Еңбегіне қарай — құрмет, жасына қарай — ізет дегендей, бар күш-жігерін перзентханаға арнаған кейіпкерімізге  бейнетінің зейнетін көруін тілейміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер