Кондитер – дәм мен шеберліктің иесі!


Сиса көйлек тоқуменен табылса, сіз бен біздің үстеліміздегі тәтті торт  - кондитердің  үлкен еңбегінің нәтижесінде  пайда болады. Жүректен шыққан тәттілермен жүрекке жол табатын, әрбір нанды өнер туындысына айналдыратын маман – ол кондитер.  Біздің бүгінгі сөз еткелі отырған еңбек адамымыз – бармағынан бал тамған кондитер  – Сапарайым Жұмабекқызы. Шымкент қаласының тұрғыны  2013 жылдан бастап бүгінге дейін кондитер үйінде жемісті жұмысын жалғап келеді. 

 «Менің  дәмді ас пісіріп, тәттілерді дайындауға бала күнімнен ебім болатын. Сөйте тұра кондитер саласына 50 жасымда келдім. Өзіңнің сүйікті ісіңмен қай жаста болса да айналысу кеш емес. Кондитердің ісін көпшілік жеңіл  көреді. Алайда оңай жерде нан жоқ дегендей бұл мамандықтың да өз қиындықтары бар. Таңнен кешке дейін тік тұрып жұмыс істеу оңай емес. Бұл мамандық – еңбекқорлықты, дәлдікті, шығармашылықты талап етеді. Әр қант дәні мен крем қабаты артында сағаттар бойғы ізденіс пен махаббат жатыр. Кондитер – жай ғана тәтті жасаушы емес. Ол – дизайнер, технолог, әр дәмді сезініп, түрлендіріп бере алатын нағыз шебер деп айтсақ болады»,- дейді  кейіпкеріміз.

    Демалыс, мереке күндері жұрт демалып, той тойласа кондитерлердің  жұмысы керісінше  қызады. «Түске дейін торттың нанын пісірсем, кейін олардың кремін жағып, әрлеп шығамын. Күніне  5-6 түрлі торттың әрқайсысынан  30-дан  50 данаға дейін  пісіреміз. Ал мереке күндері 500-ге дейін тапсырыс қабылдаймыз. Түнгі ауысымда наубайшы жігіттер жұмысқа кірісіп, тұрғындарды таңда ыстық нанмен қамтамасыз етеді. Самса,  круасан секілді тәтті нан тағамдарын пісіретін мамандарымыз да бар »,- деген  ол ұжымнан жолы болғанын айтады. «Басшымыз қызметкерлеріне ерекше құрметпен қарайды. Жылына екі рет саяхатқа, демалыс орындарына апарып, мереке күндері сыйлығын беріп жатады. Ұжым өте керемет. Осындай жайдарлы жандардың ортасында жұмыс істегесін кейде шаршауыңды да ұмытып кетесің»,- дейді кондитер.  

    Еңбекқор, адал әрі  тәжірибелі  маманнан кім айырылғысы келсін. Кейіпкеріміздің  жасы 62-де. Зейнет жасына жетсе де басшысы «Жастраға үйретеріңіз мол» деп жұмыста қалуына қолқа салыпты.  Үш ұл, бір қыздың анасы,  7 немеренің сүйікті әжесі бұл ұсыныстан бас тартпай, еңбекті күндерін жалғасырып отыр. 

     Жұмысшы мамандықтарының қадірі – елдің болашағының негізі. Ал тәтті тағам – соның жүрекке жетер жолы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер