Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен

image.png

Жұмысшы мамандар – бұл тек қолымен жұмыс істейтін адамдар емес, олар – өз ісінің нағыз шеберлері, нақты дағдылар мен білімдерді меңгерген, техникалық прогрестің және өндірістің қозғаушы күші болып табылатын тұлғалар. Олардың еңбекке деген көзқарасы, жауапкершілігі мен шығармашылығы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар күнделікті өмірде көрінбейді, бірақ олардың еңбегі біздің тұрмысымыздың сапасын анықтайды.  Президент Қ.Тоқаев: «Бірінші маңызды мәселе, біз еңбекқор болуымыз қажет. Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету», – деген болатын. Сондықтан барша еңбек адамы қоғамның бар құрметіне лайық.

 Жол – жолаушының қауіпсіздігі мен елдің даму қарқынына тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылым. Сондықтан әрбір шақырымның сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Бұл жауапты міндетті жол саласының мамандары атқарып жүр. 

Азамат Алтаев – Шымкент қаласындағы көп жылдық тәжірибесі бар, қаланың инфрақұрылымына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан «Алем транс жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жол құрылыс шебері болып қызмет атқарады. Оның басшылығындағы бригада Шымқаладағы бірнеше ірі жол жобаларын жүзеге асырып, өз істерін асқан шеберлікпен орындаған. Сапалы, қауіпсіз жол – Азаматттың жұмыстағы басты қағидасы. Оның адалдығы, кәсібилігі, жауапкершілікті сезінуі, табандылық секілді адами қасиеттері – өз ортасында сыйлы етті. Инфрақұрылым – бұл ел дамуы үшін аса қажетті, маңызды сала. Сондықтан қай маман болсын мұнда үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені инфрақұрылым сол елдің, сол өңірдің, қаланың бет-бейнесі, айнасы іспетті. Шымкенттегі  жол құрысылы сапасының  жалдын-жылға жақсарып келе жатқаны міне, осындай өз ісіне берілген мамандардың еңбегі деп білеміз. 

Құрылыс саласының қазанында қайнап піскен Азамат болашағы жарқын елдің әрбір маманы білікті болуы керек деп санайды. Әсіресе құрылыс саласы сауатсыздықты кешірмейді дейді ол. 

 Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген Азамат секілді өз ісінің шеберлері,  маңдай терін адалынан төгіп жүрген жұмысшылар, қызметіне салғырт қарамайтын қызметкерлердің арқасында еліміз одан әрі көркейіп, дами бермек.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер