Көмекке әрдайым дайын тұратын фельдшер

image.png

Адамзат пайда болғаннан бастап өркениетпен бірге қалыспай дамып отырған мамандықтың бірі - дәрігерлер.  Соның ішінде жедел-жәрдем қызметінің мамандарынсыз бүгінгі қоғамды елестету қиын.  Адам жарақат алса,  кенеттен денсаулығы сыр берсе,  басы ауырып, балтыры сыздаса бірінші кезекте жедел-жәрдем шақырады. Мұндайда науқасқа алғашқы болып көмекке келетін -фельдшерлер. Фельдшерлік қызмет – денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыттың бірі. Алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, емдеудің барлық сатысында науқастың басы-қасында жүретін мамандардың орны айрықша. «Биыл  –жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған Мемлекет басшысы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға шақырды. Осы орайда еңбегі елене бермейтін осы бір қиын саланың жүгін арқалап жүрген маман туралы айтпақпыз. Қанат Шәкіров -  Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының желілік бригадасының фельдшері. Бала күнінен фельдшер болуды асқақ арман еткен. Бүгінде өзі таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеп жүргеніне 17 жылдан асқан. Тез әрі дұрыс шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды деген маман иесі жауапкершілік жүгі ауыр екенін алға тартады.

 Ол Теміртау медициналық колледжін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын аталған мекемеде бастаған. 

Шұғыл қызмет ісінде Қанат Маханбетқұлұлы барлық учаскелерде — фельдшерлік, желілік, педиатриялық бригадаларда және амбулаториялық фельдшер болып жұмыс атқарды. Оның жұмысының соңғы бес жылы қарқынды емдеу түрінде, яғни ауыр науқастарға медициналық алғашқы көмек көрсетумен байланысты.

Көпке үлгі болған фельдшер Шәкіров өз ісін жақсы көреді. Жас кадрларға шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйретуден жалыққан емес. Жедел жәрдемнің өте қиын жұмыс күндеріне, үлкен эмоционалдық және физикалық күш-жігерге қарамастан, ол өзінің өмірін басқаша елестете алмайды.

 Алғашқы көмек көрсететін мамандық иелерінің әр секунды санаулы. Түрлі апатты жағдайлар кезінде де науқастарға медициналық қызметпен шектелмей, қолдау көрсете білу де маңызды. Әріптестерінің айтуынша, жас маман  біліктілігі мен ұқыптылығының арқасында аз уақыт ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген. Ол 2023 жылы Медицина қызметкерлерінің арасында өткен  республикалық конкурс нәтижесі  бойынша жедел медициналық көмектің үздік фельдшері атанған.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер