Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еңбек адамдарына көңіл бөліп ««Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман сыйлы болуы тиіс. Ондай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек»,-деген болатын. Бүгінгі таңда, зауыт, фабрикаларда, түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандардың ролі маңызды. Олар бар күшін, ынта, жігерлерін жұмысқа жұмсап, отбасының қамы үшін аянбай тер төгіп жүр. Түптеп келгенде өз отбасының ғана емес, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген осы еңбек адамдары.

Жандос Жайлаубайұлы Шымкент қаласындағы  Kaspy Steel  кәсіпорында  еңбек етеді. 39 жастағы азаматтың негізгі міндеті қалыптарды құю. Тек білектің күші емес білімді де қажет ететін бұл жұмыс нағыз кәсібиліктің үлгісі.  Ыстық пеш, тарсылдаған темірлер мен үздіксіз жұмыс істеп тұрған алып қондырғылардың гүрілі  шыдамдылықты талап етеді. Қалып жасаушының қолынан өтетін әрбір бөлшек – тиянақ пен төзімнің көрінісі. Алайда   көпбалалы әке ұлдарымның болашағы үшін аянбаймын, мен үшін жұмыстың қиыны жоқ ,-дейді.  Жастайынан еңбекке араласып, қара жұмысқа еті үйренген азамат еңбектің наны тәтті екенін айтады.  Ол перзенттеріне өнегелі тәрбие беруді парыз санап, еңбекқорлықтың нағыз үлгісін көрсетіп келеді. 

Оның қаладағы іргелі зауытта жұмыс істеп жүргеніне 3 жыл болыпты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан еліміздегі берегей шойын мен құрышты балқыту технологиясы арқылы құрылысқа қажетті материалдар  шығаратын зауыттағы әрбір өнімде Жандос секілді қарапайым жұмысшылардың маңдай тері бар. Қарапайым жұмысшы мамандар әрбір кәсіпорынның тірегі мен жүрегі.   

Шыжығы мен қызығы мол зауыт жұмысын таңдаған әр маман өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысады. Өйткені, оларға жұмыста басшылық, үйінде отбасы сеніп отыр. Балаларының  қамы үшін күн, түн демей еңбек етіп, тер төгіп жүрген еңбек адамдарының қоғамдағы орны қашан да жоғары болуы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер