Адал еңбек пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі

Аспанда қалықтаған алып әуе кемесін  басқару оңай шаруа емес екені анық. Жолаушылардың қауіпсіздігі  тек ұшқыш немесе борт серіктер мен инженер  ғана жауапты емес. Әуе тасымалы, ұшақ  қауіпсіздігі мен тазалығы, мұның бәрі  сіз бен біз білмейтін,  елей бермейтін қаншама маманның ерен еңбегі екенін білесіз бе? Айталық ұшу аппараттарын жуатын маман туралы естіппе едіңіз. Міне, осы салада күректей 27  жыл қызмет етіп жүрген Нұрзейнеп Пірманова кеше ғана Президенттің қолынан  «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. 

526832372_18338213761167089_5875394227744005372_n.jpg «Шымкент» халықаралық әуежайының Инженерлік-авиациялық қызметінде ұшу аппараттарын жуушы   Нұрзейнеп Жаңабекқызының жалпы еңбек өтілі 44 жылды құрайды. 1966 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Орта кәсіби білім алған. Еңбекке ерте жасынан араласқан. Ол өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор, шебер, кәсібіне адал маман ретінде ерекшеленеді. Жас мамандарға өндірістік және өмірлік тәжірибесін риясыз бөлісіп, еңбек ұжымында зор құрметке ие. Әріптестерімен сыйластықта жұмыс істеп, ұйымшылдығымен, сыпайылығы және принципшілдігімен танылған.

Мемлекеттік марапат оның көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағасы болып табылады.

Айта кетейік, Ақ Ордада Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев 2025-  «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында көлік саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттап, еңбек адамдарына, жұмысшы мамандарға  зор құрметін  көрсетті. «Үкімет ұлттық жүк тасымалдаушы әуе компаниясын құру туралы жоспарын мәлімдеді. Жалпы, еліміздегі азаматтық авиация мен әуе арқылы жүк тасымалын дамыту мәселесі тек көлік қызметі ретінде қарастырылмайды. Оның ауқымы одан әлдеқайда кең. Бұл – еліміздің экономикалық өсіміне, халықаралық аренадағы орнына және егемендігіне тікелей әсер ететін стратегиялық вектор, – деді Президент алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру екенін жеткізді.

Жиында сала ардагері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Қалтай Сәмбетов, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы Бұқтырма шлюзінің «Тайфун» сүңгуір станциясының капитаны – жоғары санатты механигі Владимир Аверкин, бүгінгі кейіпкеріміз  Нұрзейнеп Пірманова да  сөз сөйлеп, ақ  тілегін білдіріп, алғысын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер