Көлік саласының майталманы марапатталды

43366amy.pngЕліміздің әр аймағынан келген көлік саласының қызметкерлері бүгін алғаш рет Ақордаға жиналды. Құрмет қарауылы сап түзеп, оларды салтанатпен қарсы алды. 

«Шын мәнінде, «Жол – тіршілік көзі, жол бар жерде қайнаған өмір бар» деп бекер айтылмаған. Осы нысандардың игілігін ең алдымен халық көреді. Сапалы жол азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Жалпы, Қазақстанда көлік-транзит саласы қарқынды дамуда. Бұл – өздеріңіз сияқты азаматтардың қажырлы еңбегінің жемісі. Қазір осы салада 770 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздер адал қызмет етіп, елімізді көркейтуге мол үлес қосып жүрсіздер. Мен бүгін барлық көлік саласы қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.»,- деген Президент Қ.Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың қатарында Шымкент қаласының тұрғыны, «ЮЖАВТОТРАНС» қауымдастығының төрағасы Қайыпов Дархан Қалмұратұлы да бар.  Көлік саласының дамуына ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп келе жатқан ардагер маман «Құрмет» орденінің иегері атанды. 

 Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тумасы Қазақ химия-технологиялық институтын (1974) және Өскемен құрылыс-жол институтын (1988) тәмамдаған . Ол 44 жыл көлік саласында үздіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі жарты ғасырға жуықтайды. Алғашқы еңбек жолын 1974 жылы Монтажспецстрой трестінде инженер ретінде бастаған. Кейіннен  Абай ауданы комсомол комитетінің хатшысы болды. 1994 жылға дейін ОҚО жолаушылар тасымалы басқармасында инженер, партком хатшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарса, 1997  жылға дейін «Арнайымонтаж» мекемесін басқарды. Кейіннен 3 жыл 4-автопарктің бас инженері болса, 1999–2005 жылдар аралығында Қалалық әкімдікте транспорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2005-2008 жылдары   «Энерготранзит-3» мекемесінің басшысы қызметін атқарса, қазіргі қызметіне 2009 жылы кірісіп, бұл міндетті табанды 16 жыл абыроймен атқарып келеді. 

Дархан Қалмұратұлының адал еңбегі бұған дейін де бағаланып,  «Ерен еңбегі үшін» медалі,  «Құрметті автокөлікші» төсбелгісі секілді бірнеше медальдармен марапатталған. 

Еліміздің көлік саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Дархан Қалмұратұлы секілді еңбек адамының  өмір жолы мен ұстанымы бүгінгі жастарға үлгі болатыны сөзсіз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер