Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді

image.png

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжі - еліміздегі сұранысқа ие мамандарды үздіксіз даярлап келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі. Жақында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай колледжде тоғызыншы сыныпты аяқтаған талапкерлер үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Оұушылар бұл күні көлік жөндеу саласымен толықанды танысты. Колледж базасындағы машина жөндеу сервисінде кәнігі мамандар жас өрендерге темір тұлпарды жөндеуді практика жүзінде түсіндірді.  

Талапкерлер үшін өткен шеберлік сағатына 30-ға жуық оқушы қатысты. Жол-көлік коледжі қаладағы бірнеше машина жөндеу сервистерімен кәсіби байланыс орнатқан. Екі жақты келісім негізінде студенттер осында келіп теорияда естіп-білгендерін практика негізінде ұштайды. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

«Жастарымызға  колледждің тыныс-тіршілігін, көлік саласы мамандығының қыр-сырын көрсеткіміз келді. Осы салаға түлектердің қызығушылығын арттыруды көздедік. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде жас өрендер мамандығын дұрыс таңдайды деген сенімдеміз. Жұмысшы мамандықтарды  таңдауға жастарды шақырамыз»,- дейді Шымкент қалалық білім басқармасының маманы Айгүл Рүстемова.  

Аталған колледжің тарихы тереңде жатыр.  1971 жылдың 2 шілдесінде Қазақ Совет Социалистік Республикасы Жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің № 751-ші бұйрығымен Шымкент қаласында Шымкент автомеханикалық техникум ретінде ашылған. Алғашқы кезде 1617 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мен 1601 «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілді.  

 Колледжде оқытушылар мен  студенттердің шығармашылық жұмыстармен айналысуына, нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасалынған және мәдени өмірге қатысуына мүмкіндігі жоғары.   Студенттерінің білім сапасын арттыру мақсатында колледжде «Жас техник», «Жас жолшы», «Жас диагност», «Жас механик», «Жас сигналист», «Жас электромеханик», «Жас диспетчер», «Жас физик», «Жас химик», «Жас математик»,«English club», «Поэзия әлемі», «Мәдени мұралар», «Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар   студенттердің заманауи  технологияны,  робототехника саласын терең меңгерту мақсатында  ІТ Робототехника үйірмесімен қоса, бірнеше спорттық секциялар   жұмыс жүргізеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер