Нұрболат Абдуллаев: Мақсатымыз Шымкент қаласындағы өндіріс орындарын қажетті, сапалы жұмысшы маманда

image.png 

  2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында  Шымкент қаласындағы Индустриалды-техникалық колледжінде  кәсіпке бағдар беру жұмысы басты назарға алынуда.  Білім ошағының басшылығы мектеп оқушыларын кәсіби білім мен дағдыларға баулу, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу мақсатында жұмыстарды белсенді түрде қолға алуда. 

  «Оқушылар, ата-аналар колледжде оқуды тек уақыт өткізу, 101-11 сыныптың орнын толтыру ғана деп есептейді. Қоғам санасындағы  мұндай көзқарасты өзгертетін уақыт келді.   Колледж бұл жәй ғана уақыт өткізіп, келіп-кететін орын емес. Толыққанды білім алып, сапалы маман атанатын, жарқын болашаққа жолдама алатын орын. Қазір елімізде индустрия қарқынды дамып жатыр. Шымкент қаласында  да өндіріс орындары көбеюде. Біз кадрларды да соған сәйкес дайындауымыз қажет.   Біздің колледжде мамандарды сапалы даярлауға барлық жағдайдар жасалған. Шәкірттеріміз де үлкен жетістіктерге жетуде. World skills атты  сайыста әр мамандық бойынша жарыстар өткізіледі. Былтырғы жылы екі әлемдік чемпионатқа қатыстық. Біздің студентіміз  Алексей Абу-Дабиде өткен чемпионатта өзін жоғары деңгейдегі тәжірибесін көрсеті,  3 орын иегері атанды. Студенттеріміз  Францияның Лион қаласында өткен  әлемдік чемпионатқа қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жердегі біздің мақсатымыз шәкірттерімізді чемпионатқа дайындау емес  Шымқаладағы өндіріс орындарын қажетті, сапалы жұмысшы мамандармен қамту. Президентіміз биылғы жылды  жұмысшы мамандықтарға арнауы бекер емес. Қазіргі сәтте елде жұмысшы мамандықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр.Осы олқылықтың орнын толтырып, колледждердің жұмысын жандандырып, жұмысшы мамандықтарға жастарды көбірек баулып, осы кәсіптің иелерінің мәртебесін көтеру – міне, Мемлекет басшысының көздегені осы. Бұл тұрғыда біз де осы мақсатқа жетуге бар күш-жігерімізді салудамыз. Әсіресе мектеп түлектеріне кәсіптік білім берудің артықшылығын түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз»,- дейді   колледж директорының орынбасары Нұрболат Абдуллаев. 

Кәсіпке бағдарлау  болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін маңызды қадам. Колледж барлық мектеп оқушыларын осы тұрғыда қолдап, әрқайсысына лайықты кеңес беріп, өз мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер