Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі

  image.png

«Жұмысшы мамандықтар» жылында экономиканың тірегі саналатын техникалық, кәсіптік мамандықтарды даярлайтын оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғаны рас. Шымкент қаласындағы  Индустриалды-техникалық колледжі Президенттің бастамасын толық қолдап, сапалы мамандарды даярлауға ат салысып келеді. Мұнда әсіресе сұранысқа ие  токарь мамандығын теория мен практиканы ұштастыра отырып оқытады. Білім ошағында   токарлық ісі мамандығына қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған  құзіреттілік орталығы құрылған. 

«Сандық бағдарламамен басқарылатын 550, 310 және фризерлік станоктарымыз бар. Бұл аппаратттар жұмыстың тиімділігі арттырады.  Студенттер үшін  жұмыс жасауға ыңғайланған, қауіпсіз қондырғы.  Мұндай станоктарды қаламыздағы ірі  кәсіпорындар пайдаланады. Артықшылығы бір детальді жасаған кезде бірнешеуін қайталап жасауға мүмкіндік береді. Мықты материалдық базамыздың арқасында қатарынан екінші жылы республикалық чемпионатта токарлық іс мамандығы бойынша студенттеріміз бірінші орынды иеленді»,- дейді өндірістік оқыту шебері Дәурен Ержанов. 

  World skills Shymkent чемпионаты бойынша республика көлеміндегі токарлық іс мамандығы бойынша өтетін барлық жарыстар нақ осы оқу орнының базасында өтеді. Себебі аталмыш мамандыққа арналған бірегей жабдықтар, сұранысқа ие мамандар даярлауға оң әсерін тигізіп отыр. 

 «Колледж базасында  доңғалаққа  жел беру оны  теңестіруге арналған соңғы үлгідегі жабдығымыз бар. Студенттер оқу барысында  осы құрылғы арқылы көліктің доңғалағын өздері жөндей береді. Одан бөлек көліктің түрлі ақауларын анықтауға арналған  диагностикалық аппарат бар. Ол да болашақ мамандардың жұмысын жеңілтеуге септігін тигезеді»,- дейді  өндірістік оқыту шебері Рысбек Оразбетов.

 Индустриалды техникалық колледжде оқытылатын жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі электрогазбен дәнекерлеуші мамандығы.  Мамандық бойынша практикалық шеберханада қажетті барлық соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Айталық Э250М  маркалы стенд  былтыр колледж басшылығымен сатып алынған. Оның пайдасы шешілген генератордың бұзылған ақауын жөндейді. Бұл жұмысшылардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді дейді оқытушылар. 

  Өндірістің жүрегі, елдің тірегі саналатын жұмысшы мамандықтарды даярлау  бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер