Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялай отырып, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз деген болатын. Бұл бастама ел өркендеуіне үлес қосатын маңызды салаларға мамандық даярлайтын оқу орындары үшін үлкен жауапкершілік. Айталық Шымкент қаласында орналасқан 80 жылдан астам тарихы бар Индустриалды-техникалық колледжі кәсіптік техникалық маман иелерін даярлайтын бірегей үлгіде жабдықталған оқу орны. Мұнда бүгінде 1900-ге тарта студент электргазымен дәнекерлеуші, токарлық іс, электромонтер, автоэлектрик және автослесарь сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуда. Кәсіптік оқу орны 2020 жылы «Жас маман» жобасы арқылы қажетті заманауи жабдықтармен толықтырылған.
«Аргон» деп аталатын жаңа қондырғыларымыздың ерекшелігі бір өзі бірнеше функция атқаруға мүмкіндігі бар. Алғашқы курста балалар темірлерді балқыту арқылы бір-біріне жалғау секілді оңайырақ жұмыстары үйретеміз. Ал екінші курста осы аппаратармен жұмыс істеуді көрсетеміз. «Аргон» аппараты бізде түрлі-түсті металлдарды дәнекерлеуге арналған»- дейді өндірістік оқыту шебері Медет Тасболатұлы.
Аталған колледжің құрылуына Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты себеп болған екен. Зауытқа қажетті токарлар дәл осы мекемеде даярланыпты. Сұрапыл соғыс уақында 10 оқтың 8-і қорғасын зауытында өндірілгені тарихтан белгілі. Міне, сол тыл еңбеккерлер осы оқу ордасында білім алған. Алғашқыда білім ошағы училище, сосын лицей болған. 2011 жылы үздіксіз жұмысшы мамандықтарды даярлап келе жатқан мекемеге колледж статусы берліген. «Осыдан 6-7 жыл бұрын колледжде студенттер саны 500-дің төңірегінде ғана болатын. Қазір екі мыңға жуықтап қалды. Аз уақыттың ішінде шәәкірттеріміздің саны үш есеге артып отыр. Коллледжде көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге материалдық және қаржылай көмек көрсетіліп тұрады. Барлық балаға бірдей ыстық тамақ беріледі.Шәкіртақы да қарастырылған. Ең бастысы колледжді бітірген түлектер 100 пайыз жұмысқа орналасуда. Себебі біз даярлайтын мамандар қазіргі нарыққа ең қажетті мамандар»,- дейді колледж директоры Тілек Исахметов.