Enbek.kz порталының мүмкіндіктері түсіндірілді

image.png

«Масыл» деп қазақ табыс таппайтын, бірақ біреудің есебінен күн көретін адамдарды айтады. Жалпы жатыпішер жалқаулардың жанаярлық әрекеті өзгеге үлгі болмауы керек. Қоғамда жұрт жаппай осындай әрекетке бой алдырса, оның ел экономикасы үшін үлкен соққы болатыны анық. Сол үшін  мемлекетіміз қазір еңбек етемін, кәсіппен айналысамын деген азаматтарға мейлінше бар жағдайды жасауда. Егер халықты жұмыспен қамту саласында лайықты жұмыс жүргізілмесе, жұртшылық он жерден «масыл болмаймын» десе де жұмысқа деген мұқтаждық бар қоғамда масылдық өздігінен жойылмайды.  Қазақ «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деп текке айтпаған. Сондықтан қоғам масылдық пиғылдан арылуы үшін әр ата-ана баланы әу бастан еңбекқорлыққа тәрбиелеуі қажет.

 Масылдықтың басты «жауы» -еңбек ету екені айдан анық. Сондықтан  елдегі патерналистік көңіл-күйді төмендету мақсатында азаматтарды еңбекк тартып, жұмысқа орналастыру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Осы орайда   жақында Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек мобильділігі орталығы, қалалық прокуратура және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Mega Planet ойын-сауық орталығында тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz порталының мүмкіндіктері түсіндірілді.

Іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыс”, “Кәсіптік оқу”, “Күміс жас” және өңіраралық жұмыспен қамту сынды бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ, мамандар ақпараттық парақшалар таратып, ондағы QR код арқылы Enbek.kz порталына өтіп, Шымкент қаласындағы бос жұмыс орындарын қарауға болатынын жеткізді. Тұрғындарға портал арқылы үйден шықпай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмыс берушілермен онлайн әңгімелесуден өту жолдары жайында да түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.

Халықтың жұмысқа деген мұқтаждығы олардың   Еңбек мобильділігі  орталығына өтінішпен қайырылуына орай біртіндеп шешімін тауып жатыр.  Жұмыс іздеушілер заң аясында әртүрлі жұмыстарға жолданады. Адал еңбекпен табыс тапқысы келетіндерге мемлекет қолдау көрсетуден ешқашан тартынбайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер