Білім мен еңбек нарығын тоғыстырған алаң

image.png

Үшінші мегаполисте әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптасуда: атаулы көмек пен жәрдемақыға иек артқан масылдық көңіл күйден — еңбекке, өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылысқа бетбұрыс байқалады. Әсіресе, жастардың еңбекке араласып, Абайдың тілімен айтқанда жастардың «кірпіш болып, кетігін тауып қаланып жатқандығы» қуантады. Бұл орайда әлеуметтік сала мамандарының, Еңбек моблиьділігі орталығы қызметкерлерінің  ерен еңбегін атап өтпеске болмас. 

Осы орайда жақында Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығы мамандары Индустриалды-техникалық колледжде «Қаламыздағы үздік кәсіпорындарға түлектерді жұмысқа орналастыру» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған форсайт-сессияға қатысты.

Қала аумағындағы ірі кәсіпорын басшылары мен колледж түлектері қатысқан жиында «Тұран» ауданы Мансап орталығының өкілдері жас түлектерге жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен Enbek.kz порталының мол мүмкіндіктерін түсіндірді.

Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді. Енді оқу орнын тәмамдаған жас маман осы бағдарламалар арқылы алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады.

Ол үшін аудандық Мансап орталығына барудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ, Enbek.kz қосымшасы арқылы қаламыздағы бос жұмыс орындарымен танысуға болады. Сондай-ақ, бұл платформа арқылы жұмыс берушілермен онлайн форматта әңгімелесуден өту мүмкіндігі де қарастырылған.

Enbek.kz платформасы жұмыс берушілерге де тиімді. Қажетті маманды порталдағы «Жұмыс іздеушілер» бөлімінде жарияланған түйіндемелер арқылы таңдай алады.

Жұмыс берушілер де мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz порталының тиімділігіне көз жеткізіп, жас мамандарды жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытты.

Осылайша, бұл кездесу арқылы түлектер мен кәсіпорындар арасында нақты байланыс орнап, жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі бағыт қалыптасты. Форсайт-сессия барысында студенттер тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Бұл — білім мен еңбек нарығын тоғыстырған маңызды алаң болды!

Айта кетейік, Шымкент қаласында ағымдағы жылдың басынан бері  «Жастар практикасы»  бағдарламасымен – 596 жас, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы – 131 жас жұмысқа орналасқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер