2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы ел арасында еңбегі еленбей жүр¬¬ген азаматтардың еңсесін бір көтеріп тас¬тады. Экономикалық озық көрсеткіштер мен дамып келе жатқан әлеу¬меттік хал-ахуалдың арғы жағында білекті һәм білімді азаматтардың тұрғаны белгілі..
Қазіргі заманда ел экономикасының негізі – нақты еңбек, яғни жұмысшы мамандықтарының беделі мен маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Қоғамда инженер, дәнекерлеуші, құрылысшы, механик, тігінші, агроном сияқты кәсіби шеберлерге сұраныс жоғары.
Шымкент қаласында да агрономдарға сұраныс артып келеді. Әсіресе шаһарда жылыжай өндірісінің қарқынды дамуы бұл мамандық иелерінің қаншалықты маңызды әрі тапшы екенін ұғындырғандай. Осы орайда қаладағы “Бозарық” индустриалды аймақ маңында “ALARKO Agriculture” жылыжай кешені бүгінде агрономдар жылыжай жұмысшылары қажет. Осы ретте Еңбек мобильділігі орталығының Абай ауданы мансап орталығы басшысы Дария Ордабаева, еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нуртаза Мынбаев, сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының директоры Таслима Аубакирова арнайы барып, бос орындармен танысты.
Мақсаты - жоғары оқу орны түлектері мен өзге де жастарды жұмыспен мемлекеттік бағдарламалары арқылы бос орындарға жолдама беру.
Жұмысшы топ жоба жетекшісі Толкын Амерхановпен кездесіп, субсидияланатын жұмыс орындар мен тұрақты жұмыс орындары жөнінде ақпарат берді.
Кешен агрономия мамандығы бойынша білім алған университет және колледж түлектерін жұмысқа шақырады!
Бұл заманауи, технологиялық жылыжайда тәжірибе жинап, тұрақты жұмыс табуға керемет мүмкіндік!
Соңғы жылдары Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін жоғары білікті агрономдарға сұраныс артқан. Сонымен қатар, еліміздегі ауыл шаруашылығында су тапшылығы, білікті кадрлардың тапшылығы сияқты бірқатар проблемалар туындап отырғаны агрономдардың еңбегін одан сайын елеулі етеді.
Қазақстан агрономдарының негізгі қызметі – ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу, биологиялық препараттар мен тыңайтқыштарды қолдану, топырақ пен өсімдіктерді өңдеудің жаңа әдістерін қолдану, қазіргі заманғы автоматтандыруды енгізу.