Алты айдағы нәтиже көңіл көншітерлік

image.png

Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады.  Ел басшысы Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында:  «Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы еңбек арқылы шыңдап отыруды құп көреді. Сонымен қатар, орынды әрекеттің уайым-қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен күрестің психологиялық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған»,-дей келе азаматтарды масылдық ойдан арылуға, адал еңбек етуге шақырды. Президенттің бастамасымен  елімізде халықты еңбекке баулу мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді. Оның ең тиімді әрі ұтымды жолы ол азаматтарды жұмыспен қамту. Екі қолға бір күректің табылуы – ол еңбек әрі мотивация. Күн санап қарқынды дамып келе жатқан Шымкентте жұмыссыздықпен күрес жұмыстары ойдағыдай атқарылып келеді. Ел ішінде Шымкенттің тұрғындары пысық, еңбекқор деген сипаттаманы жиі есітіп қаламыз. Ия, расында оңтүстіктің тұрғындары еңбекке бейім  келеді. Десе де, жұмыссыздар да кездеседі. Міне, осындай азаматтарды еңбек нарығына  тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жақында Қалалық  Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Еңбек мобильділігі орталығының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын саралады.

Жиын барысында басқарма басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында халықты жұмыспен қамту, тұрақты жұмыс орындарын құру және Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалардың орындалу барысын талқылады.

Атап айтқанда, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша, Жастар практикасы  бағдарламасымен – 596 жас, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы – 131 жас, «Күміс жас» жобасы бойынша – 352 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 6016 азамат жолданды.

Сонымен бірге, Жанат Өмірсейітқызы квотамен жұмыспен қамту мәселесіне де назар аударды. Жыл басынан бері мүгедектігі бар 67 азамат пен пробация есебінде тұрған 22 адам жұмысқа орналастырылған.

Басқарма басшысы халықты жұмыспен қамту шараларын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтіп, жұмыс берушілермен бірлесе отырып, туындайтын мәселелерді шешуге дайын екенін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер