Жарты ғасырдан бері қолданыстағы «Ақжар» су қоймасына реконструкция жасалды

image.png 

Шымкент қаласындағы  ескі гидротехникалық нысандардың бірі – «Ақжар» су қоймасына   жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.  Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгеріміне берілген  су қоймасының жұмысымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков танысып қайтты. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, шаһар басшысы нысанды аралау барысында атқарылған жұмыстардың сапасын тексерген. Үшінші мегаполис басшысының тапсырмасына сәйкес биыл нысанның инженерлік-құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылған болатын. 

 Елу жылға жуық қолданыста келе жатқан су қоймасы арқылы суармалы жерлерге, елді мекендерге ағын су жеткізіледі. Суармалы жер көлемі 144 гектарды құрайды. Қоймада 1 дана су тастау тоспасы бар, диаметрі – 500 мм., су деңгейін бақылау мақсатында вертикалды рейкалар орнатылған. Жоспарға сәйкес су қоймасының сыйымдылығы 732 миллион текше метрге ұлғайды. «Су қабылдау және оны қауіпсіз өткізу арналары да жөнделіп, жаңғыртудан кейін су қоймасының техникалық мүмкіндігі жақсарды дейді мамандар. 

Жобаға сәйкес аталған нысанда 630 метр су қойма бөгеттері және 158 метр төтенше жағдай арнасы бетондалды. Жарықшамдар мен бейнебақылау орнатылып, су қоймасының түбіне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.  Нақтырақ айтқанда табаны саз-балшық пен балдырдан тазартылып, қаулаған қамыс орылған.  Сондай-ақ күзетшілер үйі қайта құрылды. Аумағы қоршалып, жарықтандыру мен дабыл сиренасы да  орнатылды. 

Бұл бағыттағы жұмыстар су тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтуға, ағын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, «Ақжар» су қоймасы өткен ғасырдың 80-ші жылдары қолданысқа берілген. Содан бері күрделі жөндеу жасалмаған.  Гидротехникалық нысан кейінгі жылдары  ағын суды өз мүмкіндігінен 40 пайыз аз жинайтын деңгейге жеткен болатын. Арнаның табаны саз балшыққа толып, төңірегін қамыс басқан күйге жеткен еді. Салдарынан іргедегі каналдар жиі тартылып кететін. Осыны ескеріп, нысанды қайта жаңғырту туралы шешім қабылданып, енді, міне, су қоймасы толықтай жаңғыртылды. 

      Шымкентте  «Ақжардан» өзге  «Бадам», Тоғыс, Текесу  су қоймалары орналасқан. Бадам өзенінің су өткізу қабілеті секундына 400 текше метрді құрайды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 770 тұрғынды кәсіптік оқыту жоспарлануда
  • Жарты ғасырдан бері қолданыстағы «Ақжар» су қоймасына реконструкция жасалды
  • Бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлерге шара қолданылды
  • Халықпен жүздесу - билік пен халық арасындағы үндестік
  • 300 орындық жатақхана салынып жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер