«PROFSTART» жобасы – мамандықпен табыстырады

image.png

Мамандық таңдау – жауапты іс.  Сондықтан қателікке бой алдыруға болмас. Әлемді тануға құштар, жалынды, әр нәрсеге қызығушылықтары артып тұратын мектеп оқушыларына осы бағытта дұрыс бағдар беріп, жақсы мамандық таңдауға жәрдем беру басты парызымыз. Ия, жастардың бәрі бірдей керемет ғалым, профессор немесе ғарышкер болмасы анық. Ал бірақ білікті де білімді электрик, агроном, аспаз болуы мүмкін.  Қоғамның ажырамас бөлігі саналатын осы  жұмысшы    мамандықтарға жастарымызды баулу – кадр тапшылығының бірден бір шешімі болып табылады. Осы мақстатта Шымкентте биыл оқушыларға арналған «PROFSTART» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде» жеткіншектерге   «Наубайшы» мамандығы кеңінен таныстырылды. Ас атасы нанның маманы туралы  оқушлар тереңірек мағқлмат алып, оның тарихымен танысты.  Мамандар  бұл кәсіптің жақсы қырын тек теоримен ғана айтып қоймай тәтті нандарды пісіру техникасын да көрсетті.

Іс-шара оқушылардың практикалық машықтарын дамытып, наубайшы мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.

   Сондай-ақ оқушылар оқу орнының базасында аспаз мамандығы туралы толыққанды ақпарат ала отырып, «Мини фаворит» пиццасының бірнеше түрін өз қолдарымен әзірледі. 

   Жоба соңында мамандықтар бойынша сынақ жұмыстары орындалды. Яғни оқушылар өздері меңгерген дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті.

«Әлем тағамдары» фотожұмбақ ойыны мультимедиялық тақтада ұйымдастырылып, түрлі елдердің ұлттық тағамдарын тану арқылы білімдерін шыңдады. Сондай-ақ

«Тағам арқылы ұлтты танимыз» атты топтық ойын өтті, онда оқушылар тағам арқылы әр ұлттың мәдени ерекшеліктерін талқылап, танымдық қабілеттерін дамытты.

Іс шара оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылығын арттырып, аталған мамандыққа деген қызығушылығын күшейтті. Жоба шеңберінде оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларында тәжірибелік жұмыстарға қатысты. 

Айта кетейік, «PROFSTART» жобасы Шымқаладағы 33 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылды. Бұл жобаға 7–8 сынып оқушылары қатысып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес техникалық және жұмысшы мамандықтарымен тереңірек танысты. Оқу лагерлері аясында қатысушылар шеберлік сағаттарына, тренингтерге және кәсіптік бағыттағы арнайы курстарға қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер