Оқушылар кондитер, даяшы мамандығының қыр-сырын үйренді

image.png

Техникалық және кәсіптік мамандықтар – қашанда сұраныстан түскен емес. Себебі бұл мамандықтар  барлық салаға ауадай қажет. Статистикалық деректерге сүйенсек қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандардың тапшылығы сезіледі. Сондықтан бұл сұранысты білікті кадрлармен толықтыру бүгінгі күннің басты талабы. Бұл мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы оқушыларды техникалық және кәсіптік мамандықтарға баулу, шақыру болып табылады. Бұл бағытта    Шымкент қаласындағы   «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» базасында «Prof Start» оқу лагері ұйымдастырылды.

Шымқаланың 7-8 сынып оқушылары  он күндікте түрлі тақырыптағы шеберлік сыныптарына қатысып, тамақтану саласының қыр-сырын үйренді. Айталық мамандар оқушыларға алғашқы күндері «Мастикамен пішіндер жасау» және «Жазғы коктейльдер түрлері» деген тақырыпты тарқатса, келесі күн «Даяшы» мамандығына арналды. Оқушыларға даяшы кәсібінің шығу тарихы туралы презентация ұсынылып, бұл мамандықтың қызмет көрсету саласындағы орны мен маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен «Этикет және қызмет көрсету негіздері» – мейрамхана этикасы, қызмет көрсету мәдениеті мен кәсіби қарым-қатынас ережелері және «Майлықтарды бүктеу түрлері» – дастарханды эстетикалық безендіру дағдылары атты шеберлік сабақтары өтті.

Бұл күн оқушыларға сервис саласының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, олардың қызығушылығын оятты.

Келесі күндері оқушылар назарына «Кондитер» мамандығының шығу тарихы жайлы презентация  ұсынылды. Презентация барысында бұл кәсіптің ерекшеліктері мен заман талабына сай даму үрдістері баяндалып, сонымен қатар «Дәмді фантазия» – кекстерді түрлі крем түрлерімен әсемдеп безендіру және  «Бенто-торт» – шағын торттарды креативті дизайнда креммен әрлеу атты шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. 

Бұл шаралар - оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, кондитер мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды. Жоба соңында балалардың  колледждің табысты түлектерімен жүздесу мүмкіндігі туды.  Жүздесу барысында жеке кәсіп ашып, кәсібін табысты жүргізіп отырған түлектер өз тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінде оқу орнында қызмет етіп жүрген түлектер мамандыққа адалдық, еңбек жолындағы ізденіс және кәсіби өсу жайында әңгімеледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер