Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды

image.png

«Жұмысшы» деген ұғымның беделін арттыру   2025 жылдың басты мақсаты. Елдің тірегі саналатын бұл кәсіп иелерінің қоғам гүлденуіне қосқан еңбектері  орасан. Әрбір құрылысшы, мұғалім, мейірбике, аспаз, механик болсын олардың еңбек жолы өзгелерге үлгі болуы тиіс. Еңбек адамдарына, жұмысшы мамандық  иелеріне деген құрмет оладың еңбегін жас ұрпаққа насихатталуынан бастаулы қажет. Міне осы мақсатта  «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушыларға  кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру және техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру мақсатында  Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар «EduCampShym» және «PROFSTART» жобалары аясында жүргізіліп жатыр.

«EduCampShym» жобасы Шымкент қаласындағы 9 жоғары оқу орнының базасында өткізіліп, 9–10 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шараларын қамтиды. Жоба аясында оқушылар түрлі мамандықтар бойынша дәрістерге қатысып, ЖОО-ның оқу үрдісімен танысу, практикалық тапсырмалар орындау және сала мамандарымен кездесуге мүмкіндік алуда.

«PROFSTART» жобасы Шымқаладағы 33 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылды. Бұл жобаға 7–8 сынып оқушылары қатысып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес техникалық және жұмысшы мамандықтарымен тереңірек танысты. Оқу лагерлері аясында қатысушылар шеберлік сағаттарына, тренингтерге және кәсіптік бағыттағы арнайы курстарға қатысты. 

Аталған қос жоба арқылы барлығы 7576 оқушы қамтылып, кәсіби бағдар беру бағытындағы жүйелі қолдауға ие болды. Бұл бастамалар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, олардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие салаларға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Мамандықтың бәрі қадірлі. Бірақ, елді тіреп тұрған, іргесін ұстап тұрған мамандық  жұмысшы мамандығы. Сондықтан балалар бұл мамандықтардың қоғам үшін қаншалықты маңызды әрі қажет екенін түсінуі тиіс. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» дегендей оқушылар аталмыш жоба аясында түрлі мамандықтың қыр-сырымен жақынырақ танысып, олардың жұмыстарын өздері атқарып көрді. Кәнігі мамандармен сұхбаттасып, көкейдегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер