Волонтерлер мектебі ашылды

image.png

Бүгінде Қазақстан балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде — отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның қабылдануынан бастап, Отбасының цифрлық картасын енгізу және "Қазақстан балалары" ұлттық бағдарламасын іске қосуға дейін. Алайда заманауи сын-қатерлер қосымша күш-жігерді талап етеді. Тұрақты нәтижелерге тек жүйелі тәсіл арқылы — мемлекет, ата-аналар, қоғам және балалар бірлесе әрекет еткенде ғана қол жеткізуге болады. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы  Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

  Осы орайда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында   Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры – ЮНИСЕФ ұйымдастырған Волонтерлер мектебі ресми түрде ашылды. Шымкент қалалық әкімдігінің сайтында жарияланғандай «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесулер сериясының алғашқы шарасына әлеуметтік, экологиялық жобаларда белсенді 500-ден астам жас  қатысты. Шымкент қаласы әкімінің м.у.а. Айдын Кәрімов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл қатысып, жастарға өзінің жылы лебізін білдірді.

Шара аясындағы бағдарламалар жастарға бағытталған тәжірибелік әрі танымдық сипатта өтті. Интерактивті пікірталастар, волонтерлердің шынайы оқиғаларымен танысу  экологиялық және әлеуметтік бастамаларды әзірлеу, шеберлік сабақтары, азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағытындағы тренингтер және қызықты квиздер ұйымдастырылды. 

Балалар мен жастар арасындағы сын-қатерлер талқыланып, тың идеялар мен экологиялық мәселелер қарастырылды.

Айта кетейік, бұған дейін ЮНИСЕФ Волонтерлер мектептері Ақтау мен Астанада ашылса, алдағы уақытта Алматы, Көкшетау және Семей қалаларында қолға алынатын болады. Жалпы 2020 жылдан бері Қазақстанда 10 000-нан астам жас ЮНИСЕФ волонтері атанды. ЮНИСЕФ-тің волонтерлер қозғалысы бүкіл әлем бойынша 10 миллионнан астам адамды біріктіреді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Шымкентте дайындалған ең үлкен гамбургер «КИНЭС» рекордтар кітабына енді
  • Ойын алаңы қалпына келтірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер