Айтылды, орындалды

image.png

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл  Қ.Тоқаевтың Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Ел басшысы тұжырымдамаға сәйкес әкімдердің ұдайы халықпен жүздесіп, мәселелерге құлақ асуын тапсырған болатын. Осыған сәйкес Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков  тұрғындармен кестеге сәйкес жүздесулер ұйымдастырып тұрады. Бұл халықтың басты мәслелерін билікке ашық жеткізу және оны дер кезінде шешуге жол ашуда. 

Қала әкімінің Жалын тұрғын алабы тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуінде Көкжиде көшесіне балалар ойын алаңшасын орнату жөнінде мәселе көтерілген болатын. Шымкент қалалық әкімдігінің сайтында жарияланғандай тұрғындар өтінішіне сәйкес, бүгінде бұл мәселе шешімін тапты. Заңсыз,  қараусыз қалған құрылыс нысаны сүріліп, оның орнына балалар ойын және воркаут алаңшасы орнатылды. Алаңша бүгінде пайдалануға беріліп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.

Қала әкімінің халықпен көшпелі кездесуінде Оңтүстік шағынауданы тұрғындары Қума және Айбатты тұйық көшелерін қосатын аяқжол салуды сұраған болатын. Азаматтардың өтініші ескеріліп, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жұмыстары толық орындалды.

Қала басшысының Абай ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген тазалық мәселесіне сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Ақниет шағынауданы тұрғыны Б.Сырымбеттің өтінішіне сәйкес, Қошқар ата каналының бастау алатын аумағынан өтетін кәріз (қашыртқы) жүйесінің ластанғаны анықталды.

Мәселе бойынша қала әкімінің тапсырмасына сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ластану фактілері расталып, тиісті шаралар қолға алынды.

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қалалық экология департаменті және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары бірлесіп, Қошқар ата қашыртқысы бойындағы тұрғын үйлерге, кәсіпкерлік нысандар мен демалыс аймақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шаралар ластанудың алдын алу және экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Және де аудан тұрғындарымен өткен кездесуінде көтерілген мәселе негізінде, Тарбағатай көшесінде   ұзындығы 760 метр, ені 6 метрлік көшеге асфальт жабындысы төселуде.

Халықпен кері байланыс – әкімдік жұмысының негізгі басымдығы. Әр ұсыныс пен көтерілген мәселе назардан тыс қалмайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Шымкентте дайындалған ең үлкен гамбургер «КИНЭС» рекордтар кітабына енді
  • Ойын алаңы қалпына келтірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер