Теория мен тәжірибені үйлестірген колледж

image.png

Ағымдағы жылы кәсіптік білім беру оқу орындары мен мектеп бітіруші түлектерді жағымды жаңалықтар күтіп тұр.  Биыл мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға ұлғайып, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Осы орайда мектеп түлектерін білікті маман ретінде қалыптастыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарының маңызы зор. 

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет басшысы 2025 жылды  «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың  түпқазығы. Бүгінгі күннің басты талабы - еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгерген, жұмысшы мамандарды даярлау.

  Осы орайда Шымкентте оранласқан “Индустриалды-техникалық колледжі” студенттерді сапалы біліммен сусындатып жүрген іргелі оқу орындарының бірі. 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқу орнының басшылығы колледждің өндірістік бөлімінің медиа жоспарына сәйкес жұмысшы мамандықтары туралы ақпаратты кеңінен таратуға бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыруды қолға алған.  Студенттерге қажетті білім мен дағдыларды игеріп, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосу мақсатында әртүрлі шеберлік сабақтар, кәсіби оқулар жүргізілуде.

Колледжде студенттердің теориядан бөлек өндірістік тәжірибеге аса мән береді. Темір тұлпардың бөлшектерін бес саусағындай білетін шәкірттер қаладағы түрлі мекемелерде тәжірибе жинақтап жүр. 

«Индустриалды- техникалық колледждің білім алушысымын. «Автосити» сервис орталығында өндірістік іс тәжірибеден өтудемін. Мотор жөндеуші болып жұмыс істеп жатырмын. Көбінесе  «Lada Granta», «LADA Priora» маркалы автокөліктертің моторын жөндеумен айналысамыз. Білмегенімді осындағы нағыз кәсіби мамандар үйретіп жатыр. Теорияны тәжірибемен ұштастырып жатқан жайым бар. Мамандығым өзіме ұнайды және қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие мамандықтың бірі деп есептеймін. Өйткені қазір қаладаға көлік көп. Ал көлік үнемі күтіп-баптауды, жөндеуді қажет етеді. Мұндайда біз секілді мамандарды іздейді»,- дейді колледж студенті Талғат.   

 Болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, оларды еңбек нарығына сапалы түрде дайындау колледждің  басты мақсаты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер