Мемлекет басшысы жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін кәсіби білім беруді дамыту, еңбек нарығын жүйелеу қажетін меңзеген болатын. «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз, – деді Президент.
Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкенттегі кәсіптік білім беретін колледждерде сапалы, сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық беріліп келеді. Биылғы оқу жылында 700-ге жуық жас мамандарды түлеткен «Индустриалды-техникалық колледжі» студенттердің теория мен қатар практиканы үйлестіріп отырған бірден бір оқу орны. Өндірістік іс-тәжірибе студенттер үшін аса маңызды, мамандығына етен жақын ететін қажетті дүние. Себебі кәсіптік саланың мамандары сөздің емес нағыз істің мамандары саналады. Осы орайда Модульдік жүйе бойынша оқитын 1-курстың студенттері өндірістік оқыту шебері Оразымбетов Рысбектің жетекшілігімен Шымкент қаласында орналасқан мекемелермен жасалған келісім шарттар негізінде кәсіптік практикадан өтуде. Өндірістік оқыту шебері күнделікті топтағы барлық студенттердің практика кезінде мамандығын тиісті деңгейде меңгеруін, машық, дағдыларын жетілдіруін жіті қадағалайды.
Ал 2-курстың студенттері өндірістік шебері Юсупбаев Бауыржан Жаксылықұлының жетекшілігімен қалада орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі ИП "Кокишев”, ИП “Биходжаев” мекемелерімен жасалған келісім шарттар негізінде аға буын мамандардан сабақ алып, бірге жұмыс істеп көрді.
Сонымен қатар 2 курстың білім алушылары өндірістік оқыту шебері Ибраймкулов Т.К. жетекшілігімен шаһардағы ірі кәсіпорындардың бірі ТОО "Ауди Центр "ЖК" Бастау "мекемелерімен жасалған келісім шарттар негізінде кәсіптік практикадан өтіп, көлік саласында қызмет көрсетудің қыр-сырын үйренді.
Жұмыс кестесіне сәйкес аға шебері Шатырбаев Нариман студенттердің іс-тәжірибені талапқа сай деңгейде өтулерін қадағалап, техника қауіпсіздігін сақталуына баса мән беру сәтінен көріністер.
Білікті маман даярлау - заман талабы.