Темір тұлпардың шеберлеріне сұраныс жоғары

image.png

Жұмысшы мамандықтарға кәсіптік бағдар беру, салалық колледждер мен оқу орындарында дуальді оқыту жүйесін жетілдіру – уақыт талабы. Өйткені, білікті маман – кез келген өндіріс орнындағы басты ресурс. Осыны ескерген Президент  биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекіткен болатын. 

Шымкентте бүгінде кәсіптік  бағдар бойынша білім беретін 40 колледж жұмыс істейді. Солардың бірі "Индустриалды-техникалық колледжі" кәсіптік маман даярлауда 80 жыл тәжірибесі бар мекеме. Бүгінде екі мыңға жуық студент білім алуда. Аталған білім ордасында шәкірттердің білім дағдысын тереңдету мақсатында түрлі шаралар, маңызды кездесулер қолға алынған. Жақында колледж шебері  Бахтияр Беккулиев және ЖК "JAPON MOTORS" басшылары жұмыс берушілермен студенттердің болашақ мансаптық жолдары туралы пікір алмасты. Шараның басты мақсаты — жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы байланысты нығайту, еңбек нарығының талаптарын талқылау және студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру.

 Шараның негізгі бағыттары: еңбек нарығының талаптарын түсіну және жұмыс берушілердің сұранысын білу, студенттердің кәсіби білімін арттыру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, болашақ мамандарды қажетті дағдылармен қамтамасыз ету.

Іс-шара "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында болашақ мамандарды дайындаудағы маңызды қадамдардың бірі. Әрбір студент үшін жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату үлкен мүмкіндік!

Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылында  "Индустриалды-техникалық колледжінен"  700-ге жуық түлек қанат қақты. Бұл – тек сан ғана емес, сан түрлі арман мен үміттің бастауы! 46 студент «Үздік дипломмен» бітіріп, өздерінің табандылығы мен білімге деген ынтасын дәлелдеді. Барлық түлектерге дипломдары салтанатты түрде жеке-жеке табысталды.

Қазіргі таңда 71 түлек жұмыспен қамтылды. Колледждің басты мақсаты – түлектердің кемінде 90 пайызын жұмыспен қамту. 

Колледжде: Машина жасау технологиясы, Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару, Электржабдықтары, Дәнекерлеу ісі, Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы, Автокөліктерді жөндеу слесарі,  Автокөліктің электр құрылғыларын жөндеу жөніндегі электрик мамандықтары оқытылады. Мұнда кәсіби білім мен дағдыларды меңгеріп, жұмысшы мамандықтары бойынша өз жолыңды табуға мүмкіндікі бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер