Қылмыстарды анықтау дерегі өсуде

image.png

Соңғы кезде миллионнан аса  тұрғыны бар Шымкент қаладасында  қылмыс деңгейі зерделеніп, бұзақылық жиі жасалатын орындарға қойылған бейне бақылау камераларының қатары көбейді. Нәтижесінде, қаладағы қылмыс деңгейі төмендеп, түрлі қылмыстық іс-әрекеттердің бетін ашу жоғарылады. 

Брифингте қаладағы  қылмыстық істердің тіркелуі бойынша апта қорытындысы жарияланды. Жиынға қатысқан Шымкент қаласы  әкімінің орынбасары -  Сәрсен  Құранбек маңызды жаңалықтарымен бөлісті. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі мамандарының таратқан деректеріне сәйкес қалада қалта ұрлықтары мен ұялы телефондарды ұрлау деректері де көбейіп отыр. Мәселен  6 шілде күні мерекелік шара кезінде орталық саябақта белгісіз адам «С» есімді азаматтың баласының қолынан ұялы телефонды жасырын түрде жымқырып кеткен. «Мұндай ұрлықтар, әсіресе, базарларда, қоғамдық көліктерде және мерекелік іс-шараларда жиі орын алатындықтан, тұрғындарға адам көп жиналатын жерлерде бағалы заттарын қалталарға салмауға және балалардың қолына ұстатпауға кеңес береміз. Сондай-ақ интернет желісіндегі есірткі заттарын жарнамалайтын парақшалардың қолжетімділігі жастарды заңсыз курьерлік қызметке және есірткі қолдануға итермелеп отыр. Статистикаға сәйкес, есірткі заттарын өткізумен байланысты істер бойынша көбінесе курьерлік қызмет көрсететін жастар ұсталып жатыр. Осыған байланысты жас буынды әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарламаларға алданбауға, заңсыз ұсыныстарды қабылдамауға ,  салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз»,- деді жиында Сәрсен Абайұлы.

   Сонымен қатар өткен аптада қала аумағында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жәбірленушілердің саны артты. Қылмыстық істердің басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ұялы телефонға алаңдауы салдарынан орын алған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерді қағу және көліктердің соқтығысуы – 5 іс, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі – 2 іс, кәмелетке толмағандардың скутер мен самокатты жол ережесін сақтамай басқаруы – 1 іс және алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу – 1 іс тіркелген. Осыған орай қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында скутерлер мен жылдамдығы жоғары самокаттарды басқаруға қатаң тыйым салуға шақырамыз деді спикер. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер