Алаяқтықтан сақтанудың жолдары айтылды

image.png

Шымкент -  тұрғындар мен туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз қала болуы керек. Осы мақсатта жауаптты мамандар күндіз-түні аянбай еңбек етуде. Нәтиже де жоқ емес. 

Мамандардың дерегінше Шымкент қаласында өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде 193 қылмыстық іс тіркеліп, оның 13-і сотқа жолданды. Ең жиі тіркелетін қылмыстардың қатарында алаяқтық – 38 іс, ұрлық – 27 іс, есірткі заттарының заңсыз айналымы – 12 іс, тонау – 10 іс және жол-көлік оқиғаларына байланысты 11 іс бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен  Құранбек  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелесіне айналды. Елімізде қаскөйлердің арбауына түсіп, қаржысынан қағылғандардың саны   көбеюде.

 Сәрсен Абайұлының айтуынша  алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет алаяқтық деректерімен байланысты. Мұндай қылмыстық істің  28 –і ашылған. Оның ішінде интернеттегі жалған тауар жарнамалары арқылы (13 дерек), инвестицияға қатысты жалған ұсыныстар (3 дерек), өздерін банк қызметкері, байланыс операторы немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жасалатын қоңыраулар (11 дерек) және несие рәсімдеу арқылы (2 дерек) алаяқтық тәсілдері жиі кездеседі. Мәселен, өткен аптада «Г» есімді қала тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, банк шотынан күмәнді несие рәсімделгенін айтып, қаражатты «қауіпсіз» шотқа аудару қажеттігін хабарлаған. Нәтижесінде жәбірленуші 3 700 000 теңгеден астам сомадағы қаражатын алаяқтың шотына аударған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп  отырады. «Уақыт талабынан олар да қалыс қалмай келеді», деген спикер ғаламтордағы әккілердің, әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отырғанын мәлімдеді.Осындай интернет алаяқтық фактілері күн сайын тіркеліп отырғандықтан, қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз: белгісіз адамдардан түскен күмәнді қоңыраулар кезінде жеке деректерін жария етпеуді және банк шоттарына қатысты ақпарат алу үшін ресми сенім телефондарына хабарласуды ұсынамыз деді спикер.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер