Рейдтік іс-шара өтті

image.png

Шымкент қаласының тазалығы – оның мәдениетінің бір көрінісі. Қала көшелерінің тазалығы, жасыл желекпен көмкерілген жол жиектері мен әртүрлі абаттандыру жұмыстары тұрғындар үшін өте маңызды. Қала тазалығы – тек эстетикалық жағынан ғана емес, денсаулық пен өмір сүру сапасы үшін де үлкен мәнге ие. 

Осы орайда Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен аудан аумағында құрылыс материалдары мен инертті қалдықтардың ретсіз жинақталуына жол бермеу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді. 

Өңірлік коммуникация қызметі мамандарының айтуынша Нұртас шағынауданының Ақсауыт және Байтереков көшелерінің қиылысында өткен рейдке аудан әкімдігінің жауапты мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара аясында тұрғындармен санитарлық талаптарды сақтау, абаттандыру және қалдықтарды ретсіз орналастырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы әкімдігінің қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Әлібек Қалдыбектің айтуынша, кейбір тұрғындар құрылыс материалдарын жеке үй аумағынан асырып, көше бойына шығарып тастаған. «Олар көршілер мен жүргіншілерге қолайсыздық тудырып отыр. Ескерту берілгенімен, түзетуге ниет танытпайтындар да бар», – деді ол.

Рейд барысында жеке тұрғын үйлердің іргелес аумағындағы құрылыс және тұрмыстық қалдықтар жиналып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған бағыттағы санитарлық-тазалық іс-шаралары Қаратау ауданы аумағында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Шымшаһарда  қала тазалығына арналған шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Әр сенбі сайын өтетін сенбіліктер қала тұрғындары мен белсенді жастардың үлкен ықыласымен жүзеге асуда. Бұл шаралар барысында қала көшелері, арық-атыздар, саябақтар, скверлер, су қоймаларының аумақтары тазаланады, көше бойларындағы қоқыстар мен қалдықтар жиналады. Мұндай шаралар тұрғындарға тазалықтың тек арнайы күндерде ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды екенін ұғындырады. Өйткені әрбір тұрғын қала көшелерінің тазалығына жауапты екенін сезінуі тиіс. Қаладағы экологиялық шаралардың көбісі жастардың қатысуымен жүзеге асырылып келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Нағыз еңбек диқаншылық
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер