Комиссия отырысы өтті

image.png

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  былтырғы  Жолдауында еңбек адамының мәртебесін көтеруге назар аударып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз» деді. Президенттің еңбек адамының мәртебесін көтеру идеясы қызметкерлердің құқығын қорғаумен кәсіби айналысатын кәсіподақтардың маңызы мен рөлін арттырады. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік жүйесі негізінде сала қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау¬да атқарушы билік органдарымен, жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық орнатуға қауқарлы ұйым екенін көрсетіп келеді.

Шымкент қаласында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бақытжан Алтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмек, жұмысшы мамандықтарына оқыту, еңбек қатынастары мен жалақы бойынша мәселелер, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы халықтың осал санаттарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде есеп беріп, ұсынылған жұмыстар талқыланды.

Кейіннен қалалық білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмысшы мамандықтарына оқыту және кадр қажеттілігін анықтау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін кәсіпорындар, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жиын барысында жалақы бойынша берешекті өтеу, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын төлеу мәселелері де көтерілді. Бұл бағытта Мемлекеттік кірістер департаменті, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және еңбек инспекциясы тарапынан атқарылған іс-шаралар баяндалды.

Соңында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөніндегі есеп тыңдалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер