50 жаста да кәсіптік білім алуға болады

image.png

Елімізде әлеуметтік масылдықпен күрес күн өткен сайын маңызын артырып келеді. Себебі, патерналистік көңіл-күйге саяси, әлеуметтік, мәдение факторлар тікелей әсере етеді.

Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен халықтың нақты кірісінің төмендеуі патерналистік көңіл-күйге тікелей қатысты. Кейінгі кездері қоғамда тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шаралары жайлы жиі жазылып, талқыланып жатыр. 

Масыл болу жас-кәріге қарамайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы түсінікте жүріп,   еңбекке  араласып,  екі қолға бір күрек тауып, тіпті өз кәсібін ашып жатқан жандар  баршылық.  Азаматтардың еңбекке араласып,  мемлекетке масылдықтан арылтуға көптеген ұлттық жобалар, бағдарламалар өз септігін тигізуде. Осындай бағдарламалардың бірі кәсіптік оқыту. 

Өткен жылы Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 26 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Солардың бірі – шымкенттік тұрғын 50 жастағы  Мұрат Қаныбеков. Ол аталған мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа кәсіби бағытты меңгеріп, екі қолға бір күрек тапты.  Жұмыс берушілердің өндірістік орнында монтаждау шебері мамандығы бойынша оқуға жіберіліп,  сертификатқа ие болды. Қазіргі таңда кейіпкеріміз меңгерген мамандығы бойынша «Dala Moll» ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұл бағдарламаның тиімділігі тек жұмыссыз азаматтар үшін ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін де жоғары. Себебі олар өздеріне қажетті мамандарды даярлау мүмкіндігіне ие болады. Қайта даярлау курстары азаматтардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мамандарды қайта оқыту үрдісі тек теориялық білім берумен шектелмей, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға да бағытталған. Оқу барысында тыңдаушылар заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп, өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл олардың жаңа мамандықты игеруін жеңілдетеді және болашақта тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді.

Жалпы, қоғамды еңбекке жұмыл¬дыру арқылы азаматтардың мақсат-мұратына, ал тұтас мемлекеттің даму деңгейін одан сайын жақсартуға болатыны баршаға аян. Яғни әрбір қазақстандықтың еңбегін еселей отырып, тұтыну идеологиясы мен жаппай масылдықпен күрес, еңбек өнімділігі мен еңбек құндылығына баса мән беру маңызды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер