Антына адал дәрігер

image.png

Қоғамдағы стереотиптерді жойып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі еңбек адамы – елдің экономикалық қуатын арттыратын, болашақ ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның еңбегі әрдайым лайықты бағалануы тиіс!

Иә, «Еңбек адамы» деген ерен атақ  Гүлбану Сыздықова  лайық деп білеміз. Себебі бір бойында қазақ қызына тән қайсарлық пен мейірімді ұштастыра білген тәжірибелі маман. Отбасы мен қызметті қатар алып келе жатқан білікті басшы, алдына келген әрбір ананың мәселесін шешпей жіберген емес.

Жұмыс өтілі 35 жылдан асқан маман бүгінде Шымкент қалалық Перинаталдық орталықтың бас дәрігері. Әріптестері оның  білгір дәрігер ғана емес, білікті басшы екенін айтады. Жүзінен жанашырлық лебі есіп тұратын басшы өзінің «Жұмыс жемісті болу үшін, талап жүйелі болуы керек» деген қағидатынан танған емес. Себебі ол, адал еңбек пен толассыз ізденіс ғана жетістікке жетелейтінін жақсы біледі. Қуанышы мен қайғысы, жетістігі мен қиыншылығы қатар жүретін мына тіршілікте, өзінің адам ретіндегі, мықты маман ретіндегі орнын ойып тұрып алған Гүлбану Жұмағалиқызы, өзінен кейінгілерді жақсылыққа үндеуден, білгенін үйретуден жалыққан емес.

«Көрсеткіштің төмендеуі — дәрігерлердің, орта буын және кіші буын қызметкерлерінің білімін жетілдіруге байланысты. Себебі қандай да соңғы технология немесе заманауи медициналық құрылғы болса да, дәрігерлердің, медицина қызметкерлердің білімі төмен болса ол ешқандай нәтиже бермейді. Сол үшін заманауи құрылғылармен бірге, дәрігерлердің білімін жетілдіру бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. Бұл — соның нәтижесі деп білеміз»,- дейді ол.

 Алғыс арқалаған медицина мекемесінде жылына 8-10мыңға дейін ана босанады. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда орталықта ана мен бала өлімі үш есеге азайған. Бұған себеп, қызметкерлердің біліктілігі мен соңғы үлгідегі техникалардың көмегі дейді  бас дәрігер.  Былтырдан бастап дәрігерлер неонаталдық хирургиялық операцияларды да істей бастады.  Гүлбану Сыздықованың  ерен еңбегі еленіп, 2016 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, 2020 жылы «Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және  Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған.  Сондай-ақ  Денсаулық сақтау саласының үздігі өткен жылы  ерен еңбегі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Бірыңғай ваучер жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді
  • Тазалыққа тұрғындар да ат салысып келеді
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер