Рашид Аюпов: «Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады»

Screenshot_10.jpg

Түркістандағы жаяу жүргіншілер жолдарының сапасы төмендемейді, бақылауда болады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталығындағы аяқ жолдар мен веложолдар салу жұмысымен танысу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Шаһар басшысының сөзінше, істеліп жатқан жұмыстардың сапасы бойынша шағымдар көптеп түскен. Тексеру кезінде олардың сапасына жауапты компаниялар болса да, кемшіліктердің бар екені белгілі болды. Мұндай олқылықтарды өз көзімен көрген әкім олардың қайта сапалы түрде салынатындығын баса айтты. Бұл мәселе бойынша, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар беріп, назарға алуын ескертті. «Көптеген тұрғындар өз шекарасынан аса жерлерді қоршап алып, ағаш еккен жерлер өте көп. Олармен келісіп, қоршаулар алынып тасталады. Ондағы ағаштардың жанына орындықтар, бейнекамералар мен жарықшамдар қойып, сол аумақтың халқы серуендейтін кіші аллеяларды жандандыратын боламыз. Осындай жобада 20 шақты кіші аллеялар салуды көздеп отырмыз. Жалпы ұзындығы 5 км-ді құрайтын болады. Бұл дүниелер қоршаулардың орнына салынып, нәтижесінде тұрғындарға жайлы, ыңғайлы орта қалыптасатын болады», – деді шаһар басшы. 

Әкімнің сөзінше қаладан шеткі аумақтар да тасада қалмайды. Келер жылы балаларға арналған ойын алаңдары мен кіші, үлкен саябақтар салу жоспарланған. Мақсат – тек саябақ салу ғана емес, кәсіпкерлерді тартып, жұмыс орындарын ашу болып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дариға Назарбаева: «Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат?»
  • Рашид Аюпов: «Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады»
  • Түркістанда өткен «Музейге сый» акциясында тұрғындардан 40-қа тарта жәдігер тарту етілді
  • Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды
  • Е.Жолдасов: «Жолаушылар поездарына бақылау басты назарда болады»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер